1. Бюджеттiк ұйымдардың оларға "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы көрсеткен байланыс қызметi үшiн берешектерi бойынша есептен шығаруға жататын сомалардың шектi мөлшерi 1 және 2-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының бөлiмшелерiмен 1997 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша байланыс қызметi үшiн берешектердiң мөлшерi туралы тексеру актiлерiн және 3-қосымшаға сәйкес өз баланстарынан берешектердi шығару туралы келiсiмдердi рәсiмдесiн. Республикалық бюджеттiк ұйымдар бойынша келiсiмнiң бiр данасы бағыныстылығына қарай - орталық мемлекеттiк органға, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдар бойынша - облыстық қаржы басқармасына жiберiледi.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар аталған жұмысты жүргiзудi ұйымдастырсын және ол аяқталғаннан кейiн 1997 жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей Қаржы министрлiгiне жиынтық деректердi тапсырсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүргiзiлген тексеру актiлерiнiң негiзiнде 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген берешектердiң мөлшерiн анықтасын.
5. 1997 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттiк бюджетте тұрған ұйымдардың балансында есептелетiн, "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы алдындағы несиелiк берешектерiн 1997 жылғы 1 маусымдағы байланыс қызметi бойынша берешектердi өтеу туралы келiсiмнiң негiзiнде есептен шығаруға рұқсат етiлсiн.
6. "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамына 1997 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бюджеттiк ұйымдардың дебиторлық берешектерiн 40 (қырық) млн. АҚШ долларынан аспайтын баламда, осы сомаға салық салынатын кiрiстi және ол бойынша есептелетiн салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi азайта отырып, 1997 жылдың салық салынатын кiрiсi
шегiнде есептен шығаруға рұқсат етiлсiн.
<*>
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 1997.12.18. N 1782
қаулысымен.
P971782_
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау
комитетi аталған берешектердiң есептен шығарылуына бақылау жасасын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 8 қазандағы
N 1425 қаулысына
1-қосымша
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың
"Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы ұйымдарының
алдындағы берешектерi
N Ұйымдардың атауы Сомасы, мың
р/с теңге
1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 47 005
Шаруашылық Басқармасы
2. Iшкi iстер министрлiгi 118 705
3. Денсаулық сақтау министрлiгi 4 370
4. Сыртқы iстер министрлiгi 21 365
5. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы 11 350
6. Қорғаныс министрлiгi 398 595
7. Бiлiм және мәдениет министрлiгi 19 655
8. Ауыл шаруашылығы министрлiгi 16 770
9. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 1 330
министрлiгi
10. Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 7 990
11. Қаржы министрлiгi 65 625
12. Экология және биоресурстар министрлiгi 42 700
13. Экономика және сауда министрлiгi 12 355
14. Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi 990
15. Әдiлет министрлiгi 23 530
16. Қазақстан Республикасының Инвестициялар 325
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
17. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар 45 575
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
18. Мемлекеттiк тергеу комитетi 64 865
19. Мемлекеттiк кеден комитетi 5 035
20. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 73 885
21. Республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау 260
жасау жөнiндегi есеп комитетi
22. Бас прокуратура 51 225
23. Орталық архив 130
24. Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды 85
Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитет
25. Iшкi iстер министрлiгiнiң ГУИС бас басқармасы 5 220
26. Iшкi әскерлер бас басқармасы 23 105
27. Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi 270
28. Қазақстан Республикасының Конституциялық 60
Кеңесi
29. Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк 75
университетi
30. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық 615
университетi
31. Қазақстан Менеджмент, Экономика және 710
Болжамдау институты
32. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы 10
Қазақстан Стратегиялық зерттеу институты
33. Қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру 30
институты
34. "Қазақстан теледидары мен радиосы" 14 020
корпорациясы
35. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар 35
жөнiндегi ұлттық комиссиясы
36. Қазақстан Республикасының Баспасөз және 590
бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi Ұлттық
агенттiгi
37. Республикалық ұлан 1 130
38. Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет 159 760
қызметi
39. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi 13 005
Кеңсесiнiң республикалық мемлекеттiк
өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi
40. Қазақстан Республикасы Президентi мен 5
Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы
41. Қазақстан Республикасының Президентi Iс 10
Басқармасының Медициналық орталығы
42. Мемлекеттiк радио-теледидар бағдарламаларын 735 340
тарату
43. Жеңiлдiктер беру мен байланыс қызметiн 243 570
көрсетуге байланысты шығындарды өтеу
Жиыны 2 231 280
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 8 қазандағы
N 1425 қаулысына
2-қосымша
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдардың
"Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы ұйымдарының
алдындағы берешектерi
Облыстардың атауы Сомасы, мың
теңге
Ақмола 51920
Ақтөбе 25045
Алматы 51365
Атырау 15050
Шығыс Қазақстан 37715
Жамбыл 33735
Батыс Қазақстан 38590
Қарағанды 96025
Қызылорда 11740
Қостанай 142835
Маңғыстау 21710
Солтүстiк Қазақстан 89130
Павлодар 76210
Оңтүстiк Қазақстан 48055
Алматы қаласы 51595
Жиыны 790720
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 8 қазандағы
N 1425 қаулысына
3-қосымша
1997 жылғы 1 маусымдағы байланыс қызметi
бойынша берешектердi өтеу туралы
КЕЛIСIМ
____________________________________________________________________
(борышкер-бюджеттiк ұйымның атауы және оның тұрған орны,
облыс, қала, аудан)
____________________________________________________________________
(министрлiктiң, ведомствоның атауы)
____________________________________________________________________
(берушi-ұйымның атауы және оның тұрған орны, облыс,
қала, аудан)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 ж. "____"_______________
N ________ қаулысының негiзiнде мыналар туралы келiсiм жасалды:
Осы келiсiм ___________________________________________________
(борышкер-бюджеттiк ұйымның атауы)
берешегiн өтеуге, ал __________________________________________
(берушi-ұйымның атауы)
1997 жылдың 1 маусымындағы баланста саналатын
_______________________________ мөлшерiндегi байланыс қызметi
(цифрмен, жазумен)
үшiн берешек сомасын өндiрiп алмауға мiндеттенедi.
Келiсiм _____________________ 821 "Жалпы әкiмшiлiк шығыстар"
(берушi ұйымның атауы)
шотының Дебет бойынша және 301 "Алуға арналған шоттар" шотының Несиесi бойынша кiрiстi азайтуға дебиторлық берешектi есептен шығару жөнiндегi бухгалтерлiк жазба жүргiзу үшiн негiздеме болып табылады. Алынбаған қосылған құнға салық сомасына 301 "Алуға арналған шоттар" шотының Дебетi және 633 "Қосылған құнға салық" шотының несиесi бойынша қайтарымдылық жазбасы жүргiзiледi.
Күмән келтiретiн қарыздар бойынша құрылған резерв болған кезде дебиторлық берешек осы резервтiң есебiнен 311 "Күмәндi қарыздар жөнiндегi резерв" шотының Дебетi және 301 "Алуға арналған шоттар" шотының Несиесi және ___________________________ несиелiк өткен
(берешек-ұйымның атауы) жылдардың берешегi 178 "Басқа да дебиторлармен есептесулер" субшотының Дебетi және 230 "Мекеменiң және басқа шараларға арналған шығыстарды бюджеттен қаржыландыру" субшоты" Несиесi бойынша немесе 140 "Мекеменiң және басқа шараларға арналған шығыстарды бюджеттен қаржыландыру жөнiндегi есептесулер" субшоты бойынша, ал 1997 жылдың 1
қаңтарынан бастап 1997 жылдың 31 мамырына дейiн 178 "Басқа да
дебиторлармен есептесу" субшоты Дебетi бойынша және 200 "Мекеменi
ұстауға және басқа шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" субшот
Несиесi бойынша пайда болған берешектер осы резервтiң есебiнен
есептен шығарылады.
Осы келiсiмге көрсетiлген байланыс қызметi үшiн берешектер
мөлшерi туралы _______________ бет тексеру актiлерi қоса берiледi.
Бюджеттiк ұйымның Берушi-ұйымның
Қолдары Қолдары
Реквизиттер Реквизиттер
М.О. М.О.
Даналарды бөлу:
1-жоғарғы ұйымға (министрлiкке, ведомствода)
2-бюджеттiк борышкер-ұйымға
3-берушi-ұйымға
