"Пәтер иелерiнiң тұтыну кооперативтерiнiң қызметiн қолдау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 сәуiрдегi N 570 P970570_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Тұрғын үйлердегi жекешелендiрiлмеген үй-жайлар (үйлердiң
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына
сәйкес ортақ меншiк құқығымен мекен-жай иелерiне тиесiлi бөлiктерiн
қоспағанда) мемлекеттiк меншiк болып табылады және қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатады";
3, 4, 5 және 6-тармақтар тиiсiнше 4, 5, 6 және 7-тармақтар болып
есептелсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
