1. Қосымшаға сәйкес 1997 жылға арналған коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң құрылысына жұмсалатын күрделi салымдардың көлемi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаражаттың аталған мақсаттарға уақтылы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi коммуналдық шаруашылық объектiлерi құрылысын жалпы үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
4. Шығыс Қазақстан және Солтүстiк Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының әкiмдерi осы қаулыда көзделген қаражаттың тиiмдi игерiлуi мен мақсатты пайдаланылуы жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi осы қаулыда көзделген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау орнатсын және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарлап отырсын.
6. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң
Ұлттық статистика агенттiгi осы қаулыда көзделген коммуналдық
шаруашылық объектiлерi құрылысының барысы туралы ай сайын ақпарат
берiп отыруды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 9 шiлдедегi
N 1086 қаулысына
қосымша
1997 жылы коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң
құрылысына жұмсалатын күрделi салымдардың
КӨЛЕМI
____________________________________________________________________
Тапсырысшы, объектiнiң|Өлшем |Қуаты |Iске қосу |Күрделi салым.
атауы және орналасқан |бiрлiгi | |мерзiмi |дардың көлемi
жерi | | | |(мың теңге)
______________________|__________|_______|__________|_______________
Барлығы: 500000
соның iшiнде:
Солтүстiк Қазақстан
облысының әкiмi
Канализациялық тәулiгiне 82 1997 жыл 53000
тазарту құрылғылары, мың текше
оңтүстiк коллектор, метр
Петропавл қаласы
Алматы қаласының
әкiмi "Водоканал"
Су құбыры канали.
зациялық шаруашылы.
ғының Алматы
қалалық өндiрiстiк
бiрлестiгi
Сорбұлақ оң
жағалау каналын
авариялық алыстату
(қосу кешенi),
Алматы облысы км 28,2 1999 жыл 252000
Шығыс Қазақстан
облысының әкiмi
Сарқынды суды тәулiгiне 88 1997 жыл 195000
биологиялық тазарту мың текше
құрылғыларын кеңейту метр
(қосу кешенi),
Өскемен қаласы
