1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құрылымы қосымшаға сәйкес, сондай-ақ алқаның адам саны - 9 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 5 орынбасары, оның iшiнде 2 бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын реформалаудың жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 398 P970398_ қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
аталған қаулының 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы жолдармен
толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк
шекара күзетi жөнiндегi комитетi".
ЕСКЕРТУ. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.12. N 1551 қаулысымен.
P971551_
4. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996
жылғы 27 желтоқсандағы N 1665 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 13 маусымдағы
N 970 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Адъютанттар бөлiмi
Баспасөз қызметi
Құжаттау департаментi
Iшкi қауiпсiздiк басқармасы
Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментi
Бас штаб:
жедел жоспарлау департаментi
ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментi
байланыс департаментi
сегiзiншi бөлiм
топографиялық қызмет
әскери хабарламалар қызметi
қаржы бөлiмшесi
комендатура
бөлiм (кадрларды iрiктеу, орналастыру, есепке алу және
құжаттар әзiрлеу)
қамтамасыз ету бөлiмi
әскери-оркестр қызметi
Арнайы әскер департаментi
Жауынгерлiк даярлық департаментi
Медициналық қамтамасыз ету департаментi
Кадр және әскери бiлiм департаментi
Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстар департаментi
Экономика және қаржы департаментi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетi (заңды тұлға құқығында) Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi (заңды тұлға құқығында).
