Қазақстан республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Бағалы қағаздармен биржалық сауда жасауды жандандыру
жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996
жылғы 15 желтоқсандағы N 1538 қаулысына
P961538_
(Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 499-құжат) сәйкес мемлекеттiк
акциялар пакетiнiң бiр бөлiгi қор биржасында сатылатын мына шаруашылық
жүргiзушi субъектiлер сатудың бiрiншi кезеңiне қойылсын:
"Қазақстан алюминийi" акционерлiк қоғамы - 5 процент;
"Казхром" акционерлiк қоғамы - 2 процент;
"Соколов-Сарыбай КБӨБ" акционерлiк қоғамы - 2 процент;
"Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамы - 16,5
процент;
<*>
"Қазақстан Халықтық Банкi" акционерлiк қоғамы - 10 процент;
<*>
"Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлiк қоғамы - 30 процент;
"Борлы" акционерлiк қоғамы - 10 процент;
"Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамының бүкiл
сатылмаған мемлекеттiк пакетi - 39 процент.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.24. N 693
қаулысымен.
P980693_
2. Инвестициялық банктер арасында тендердiң екiншi кезеңiн
жүзеге асыру үшiн сатылатын мемлекеттiк акциялар пакетiнiң төменде
келтiрiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бойынша мынадай
проценттерi айқындалсын:
"Жезқазғанцветмет" акционерлiк қоғамы - 5-20 процент;
"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамы - 5-7 процент;
"Қазақтелеком" акционерлiк қоғамы - 2-4,5 процент;
"Ақтөбемұнайгаз" акционерлiк қоғамы - 5-15 процент.
<*>
ЕСКЕРТУ. 1 және 2-тармақтар өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.11.15.
N 1588 қаулысымен.
P971588_
3. "Мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгi қор биржасында
сатылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзбесiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 1716
қаулысына
P961716_
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Аталған қаулыға N 1 қосымшадағы 12 және 25 жолдар
"Теңiзмұнайгаз АҚ"
"Ембiмұнайгаз АҚ" алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi N 33, 34, 35 мынадай мазмұндағы жолдармен
толықтырылсын:
"33 "Ақтөбемұнайгаз АҚ"
"34 Лисаков КБК"
"35 Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты"
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгi қор биржасында сатылатын, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер тiзбесiне енгiзiлген кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялар пакетiнiң көлемiн айқындау туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 6 маусым N 936. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен. ~P991504
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
