Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң, Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерiмен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiлген:
а) мына бiлiм және мәдениет мекемелерiне:
Ақмола облысы бойынша
Есiл ауданындағы N 145 орта мектепке - Таулы Қарабақта бiтiмгерлiк миссиясы құрамында мемлекеттiк тапсырманы орындау кезiнде қайтыс болған, Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрiнiң бұрынғы орынбасары Сайлау Серiковтың;
Алматы облысы бойынша
Қапал ауданының Арасан селосындағы орта мектепке - Қазақстан Республикасының көрнектi заңгер-ғалымы, ағартушы - Барлыбек Сырттановтың;
Қапал ауданының Қапал селосындағы N 2 орта мектепке - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген артисi, белгiлi театр және кино актерi Есболған Жайсаңбаевтың;
Панфилов ауданының Жаскент селосындағы мектеп-гимназияға - екi
мәрте Социалистiк Еңбек Ерi, колхоз өндiрiсiнiң iрi ұйымдастырушысы
Николай Головацкийдiң;
Атырау облысы бойынша
Атырау қаласындағы N 8 орта мектепке - белгiлi мемлекет
қайраткерi Өтешқали Атамбаевтың;
Батыс Қазақстан облысы бойынша
Қазталов ауданындағы Қараоба эстетикалық бейiндегi гимназияға -
ақын, ағартушы, философ Ғұмар Қараштың;
Батыс Қазақстан облыстық филармониясына - халық артисi,
композитор Ғарифолла Құрманғалиевтың;
Қостанай облысы бойынша
Жангелдин ауданындағы Қалам-Қарасу орта мектебiне - белгiлi ақын
Ғафу Қайырбековтiң;
Қызылорда облысы бойынша
Қызылорда қаласындағы N 144 орта мектепке - белгiлi журналист,
жазушы Сақтапберген Әлжiковтың;
Маңғыстау облысы бойынша
Маңғыстау ауданының Шетпе селосындағы орта мектепке - ғалым,
педагог Мекерия Атымұлының;
Павлодар облысы бойынша
Лебяжi ауданындағы Қызыл әскер орта мектебiне - белгiлi педагог, оқу-ағарту iсiнiң ұйымдастырушысы Сәдуақас Сатыбалдиннiң;
Павлодар қаласындағы N 4 балалар музыка мектебiне - Қазақстан Республикасының халық артисi Суат Әбусейiтовтың;
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Сайрам ауданындағы N 82 орталау мектепке - жауынгер-интернационалист Бахадыр Нәметовтың;
Түркiстан ауданындағы Бiрлiк орта мектебiне - Социалистiк Еңбек Ерi Ергеш Изатуллаевтың;
Мақтаарал ауданындағы Талапты орта мектебiне - белгiлi ақын Сабырхан Асановтың;
Мақтаарал ауданындағы Бiрiншi мамыр орталау мектебiне - көрнектi педагог және Қазақстанның ағарту iсiнiң ұйымдастырушысы Ябек Есенбековтың;
Алматы қаласы бойынша
Медеу ауданындағы N 1 балалар көркем-сурет мектебiне - Қазақстан
Республикасының халық суретшiсi Әбiлхан Қастеевтiң;
Алатау ауданындағы N 123 қазақ орта мектебiне - ғалым-ойшыл Қожа
Ахмет Яссауидiң;
Алмалы ауданындағы N 136 қазақ орта мектебiне - қоғам
қайраткерi, ақын, журналист Мiржақып Дулатовтың;
N 2 республикалық спорт колледжiне - Қазақстан спортының
көрнектi ұйымдастырушысы Кәркен Ахметовтың есiмдерiн беру туралы;
б) мына бiлiм және мәдениет мекемелерiн:
Алматы облысы бойынша
Шелек ауданының Калинин атындағы орта мектебiн - ұйғыр халқының
қоғам қайраткерi, педагог, ауыл шаруашылығының ұйымдастырушысы, Ұлы
Отан соғысына қатысушы Әбiт Саттаров атындағы орта мектеп;
Атырау облысы бойынша
Құрманғазы ауданының Киров атындағы орталау мектебiн - Азғыр
орталау мектебi;
Қызылқоға ауданының Н.Крупская атындағы орта мектептi - ғалым,
қоғам қайраткерi Халел Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп;
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
облыстық мемлекеттiк архивтiң Преснов филиалын - Мамлют филиалы;
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Сайрам ауданының Чкалов атындағы орталау мектебiн - Сансызбай
Бекбосынов атындағы орталау мектеп;
Арыс қаласының Пушкин атындағы орта мектебiн - Жұмабек Тәшенов
атындағы орта мектеп;
Алматы қаласы бойынша
"Искра" кинотеатрын - Жамбыл Жабаев атындағы кинотеатр деп қайта
атау туралы ұсыныстары қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
