1. Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының 1997 жылға арналған бюджетi қосымшаға сәйкес кiрiстерi мен шығыстары бойынша 9334224 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатын нысаналы пайдалануды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi
Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына мiндеттi сақтандыру
жарналарының толық және уақтылы жиналуын қамтамасыз етуге
жәрдемдессiн.
4. Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатын
нысаналы жұмсауға бақылау жасау оның басқармасы мен тексеру
комиссиясына жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жыл 13 ақпандағы
N 209 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының
1997 жылға арналған бюджетi
КIРIСТЕР мың теңге
1. Жұмыс берушiлердiң мiндеттi сақтандыру
жарналары - барлығы 8070000
соның iшiнде:
бюджет ұйымдарын есептемегенде (2,0%) 7300000
бюджеттiк ұйымдарда (1,0%) 770000
2. 1996 жылғы мiндеттi сақтандыру жарналары
бойынша берешектi өтеу есебiне түсетiн 545133
қаражат
3. Өсiмдер мен айыппұлдар 150000
4. Халықаралық Қайта Жаңғырту және Даму
банкi займның түсуi 562591
5. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан 6500
түсетiн кiрiс
КIРIСТЕР ЖИЫНЫ 9334224
ШЫҒЫСТАР
1. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу 5236425
2. Жұмыссыздарды кәсiпке даярлау және қайта оқыту 860938
соның iшiнде:
жұмыссыздарды қайта оқытуға арналған шығындар 529808
шағын бизнес пен кәсiпкерлiкке оқытуға арналған
шығындар 331130
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 203580
4. Мүгедектерге жабдық пен бейiмделген керек-жарақ
сатып алуға жұмсалған шығынның орнын толтыру 14000
5. Жаңа жұмыс орындарын құруды және жеке
кәсiпкерлiктi дамытуды қолдау 1224636
6. Халықпен, жұмыс берушiлермен ақпараттық-
анықтамалық жұмыс жүргiзуге және жарнамалық 59000
қызмет көрсетулерге жұмсалатын шығындар
7. Қазақстанның Халық Банкiнiң көрсететiн қызметi 48943
8. Жұмыспен қамту қызметiн ұстау 646576
9. Халықаралық Қайта Жаңғырту және Даму Банкiнiң
займына сәйкес үлгiлiк орталықтарды жөндеуге 29786
қатысты бөлiгiн қосымша қаржыландыру
10. Халықаралық Қайта Жаңғырту және Даму Банкiнiң
займына сәйкес үлгiлiк орталықтарды пайдалануға
беру кезiнде жөндеуге, материалдық қамтамасыз
етуге, оқыту мен қызметтерге жұмсалатын шығындар 562591
11. Халықаралық Қайта Жаңғырту және Даму Банкiнiң
займдарын пайдаланғаны үшiн процент төлеу 21749
12. Тұрғын үй құрылысында қосымша жұмыс орындарын
құру 400000
13. Қаржылық құнды қағаздарға салу 26000
шығыстар жиыны 9334224
Шығыстардың кiрiстерден асып түсуi 0
