Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Ғылыми-техникалық саладағы мемлекеттiк меншiк объектiлерiн
жекешелендiру жөнiндегi ұйымдастыру шаралары туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 шiлдедегi N 923 қаулысының
қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 32,
293-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Ғылыми-техникалық
сала объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның
құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң орынбасары, комиссия
төрағасы
Бахмутова Е.Л. - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi Әлеуметтiк сала
департаментiнiң бастығы
Құсайынов А.Қ. - Қазақстан Республикасының Бiлiм
министрлiгi жоғары бiлiм және ғылым
бас басқармасы бастығының орынбасары
Мұхаметжанов С.Н. - Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрлiгiнiң орынбасары
Г.Г.Штойк, Н.А.Коржова, Е.Ө.Медеуов, Ғ.I.Оразбақов аталған
комиссияның құрамынан шығарылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 шiлдедегi N 923 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 қаңтар N 12. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.10.03. N 1410 қаулысымен. ~P971410
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
