1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк салық комитетiмен бірлесiп республикалық бюджет пен заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы бойынша жалпы сомасы 466520 мың (төрт жүз алпыс алты миллион бес жүз жиырма мың) теңге берешегi бар "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы арасында берешекке есептеу жүргiзсiн.
Аталған соманы көрсетiлген байланыс қызметi үшiн пайда болған
берешектi өтеуге республикалық бюджеттiк ұйымдарды қаржыландырудың
есебiне, қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес есептесiн.
2. Есептеу аталған сомаларды 1996 жылға арналған республикалық
бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1751 қаулысына
қосымша
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және көрсетiлген
байланыс қызметi үшiн "Қазақтелеком" ҰАК алдында есептеуге
қабылданатын берешегi бар министрлiктер мен ведомстволардың
ТIЗБЕСI
мың теңге
___________________________________________________________________
Министрлiктер мен ведомстволардың |Есептеуге қабылданатын
атауы | сома
___________________________________________________________________
Қорғаныс министрлiгi 79838
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 17814
Мемлекеттiк тергеу комитетi 30543
Iшкi iстер министрлiгi 78915
Iшкi әскерлер Қолбасшысының бас
басқармасы 3343
Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi
мемлекеттiк комитет 9627
Президенттiң Күзет қызметi 60740
Гидрометеорология жөнiндегi бас
басқарма 12359
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 173341
(азаматтардың жекелеген санаттарына
байланыс қызметi жағынан жеңiлдiктер
беру бойынша)
Жиыны 466520
