1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 36 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiне төрағаның бiр орынбасарын, сондай-ақ саны 5 адамнан алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер
жөнiндегi комитетiнiң орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл
автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер
жөнiндегi комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1811 қаулысының
күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1674 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық
резервтер жөнiндегi комитетi орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Бiрiншi бөлiм
Екiншi бөлiм
Үшiншi бөлiм
Төртiншi бөлiм
Бесiншi бөлiм
Жетiншi бөлiм
Сегiзiншi бөлiм
