1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде қосымшаға сәйкес 100 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне Министрдiң
3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ 13 адамнан
тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппараты
үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1792 қаулысының күшi жойылған деп
танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1639 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi
орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Жоғары бiлiм және ғылым бас басқармасы
Экономика және қаржы бас басқармасы
Орта бiлiм басқармасы
Талдау және ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы
Инспекциялау басқармасы
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
Заң және арнаулы жұмыс бөлiмi
Мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуды үйлестiру секторы
Тәрбие әдiстемесi секторы
