1. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 200 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне төрағаның 4 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 9 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi орталық аппараты үшiн 9 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. Автомобиль лимитi 4 автомобильге көбейтiлдi Қазақстан
Республикасының Кеден комитетi жанындағы Ресей
Федерациясының Мемлекеттiк Кеден комитетi өкiлдiгiнiң
қызметкерлерiне шарт негiзiнде ақылы қызмет көрсету
үшiн - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1654 қаулысымен. P961654_
4. "Қазақстан Республикасының Кеден комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1797 P951797_ қаулысының:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1797 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 ақпандағы N 175 P960175_ қаулысының:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1797 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 мамырдағы N 661 қаулысының;
"Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне қызметтiк жеңiл
автомобильдер лимитiн көбейту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 шiлдедегi N 842
P960842_
қаулысының күшi жойылған
болып танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1551 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Кеден комитетi орталық
аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Кеден кiрiстерi басқармасы
Қаржыландыру басқармасы
Кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасы
Күрделi құрылыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
басқармасы
Контрабандамен және кеден ережелерiн бұзушылықтармен күрес
жөнiндегi бас басқарма
Құқық басқармасы
Жедел-талдама басқармасы
Автоматтандыру және кеден статистикасы басқармасы
Кеден күзетi және режим басқармасы
Сыртқы байланысты басқармасы
Жеке өз қауiпсiздiгi басқармасы
Кадр басқармасы
Аппарат жұмысын ұйымдастыру басқармасы
Ақпаратты қорғау бөлiмi
Баспасөз орталығы
Ресей Федерациясы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң жанындағы
Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң Өкiлдiгi
