1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 20 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауына төрағаның бiр орынбасарын, сондай-ақ саны 5 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды
қадағалау орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi
белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды
қадағалау орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1803
қаулысының 2-4-тармақтары күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 38, 495-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1549 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
сақтандыруды қадағалау орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Сақтандыру қызметiн лицензиялау және бақылау басқармасы
Қаржы-шаруашылық бөлiмi
