1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен, Павлодар мен Маңғыстау облыстарының әкiмдерiмен келiсiлген қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мұқтаждары үшiн мұнай өнiмдерiн 1996 жылғы қараша-желтоқсан айларында "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" мен "Қаражамбасмұнай" акционерлiк қоғамдарының республика бюджетке салық төлемдерiнiң есебiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен Мемлекеттiк салық комитетi:
мұнай өнiмдерi берудiң мүмкiндiгiне қарай республикалық бюджетке акционерлiк қоғамдардың, қосымшада аталған республикалық бюджетке жалпы сомасы 700 (жетi жүз) млн. теңге берешегiне есептеме жүргiзсiн;
аталған соманы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мекемелерiн қаржыландыру есебiне оны республика бюджетiнiң кiрiсi мен шығысы бөлiктерiнде көрсете отырып есептесiн;
"Қаражамбасмұнай" акционерлiк қоғамы қосымшаға сәйкес "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамына 1996 жылғы қараша-желтоқсанда мұнай өнiмдерiн өндiруге қажеттi көлемде өңделмеген мұнаймен қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгi мен Қаржы
министрлiгiнiң осы қаулының қосымшасында аталған 1996 жылғы
қараша-желтоқсан айларындағы республикалық бюджетке мерзiмiн өткiзiп
алған төлемдерi үшiн "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" мен
"Қаражамбасмұнай" акционерлiк қоғамдарына айыппұл санкцияларын
қолданбау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 2 желтоқсандағы
N 1464 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мұқтаждары
үшiн "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" және "Қаражамбасмұнай"
акционерлiк қоғамдарының 1996 жылғы қараша-желтоқсанда
"Қаражамбасмұнай" АҚ-ның өз өндiрiсi бойынша республикалық
бюджетке салық төлемдерiнiң есебiне мұнай өнiмдерiн
БЕРУ
__________________________________________________________________
Мұнай өнiмдерiнiң түрi мен | "Павлодар МӨЗ" АҚ
маркасы |__________________________
| мөлшерi |құны, мың
| тонна | теңге
__________________________________________________________________
1 | 2 | 3
__________________________________________________________________
А-76 автомобиль бензинi 6450 87075
"3" дизель отыны 5850 63685,4
ТС-1 авиация керосинi 16750 184250
М-100 мазуты - -
Тұтынушының қоймасына жеткiзiлген мұнай
өнiмдерi бойынша берушiлердiң есебiнен
төленетiн көлiк шығыны 14989,6
Жиыны 350000
Республикалық бюджетке салық төлемдерi
бойынша есепке қабылданатын берешек
барлығы 350000
оның iшiнде:
акциздер 350000
қосылған құнға салынатын салық -
заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы -
________________________________________________________
"Павлодар МӨЗ" АҚ "Қаражамбасмұнай АҚ" есебiнен
________________________________________________________
мөлшерi, тонна | құны, мың теңге
________________________________________________________
4 | 5
________________________________________________________
7200 97200
13127 142906
3000 33000
13000 58735
18159
350000
350000
250000
100000
