"Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеме жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 қыркүйектегi N 1151 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Борлы" акционерлiк қоғамының ("Карагандауглеразрезы" мемлекеттiк кәсiпорны) "Борлы" акционерлiк қоғамының орталықтандырылған несие бойынша республикалық бюджетке берешегiн өтеу есебiне 58045 (елу сегiз миллион қырық бес мың) теңгеге 35823 тонна көмiр беру туралы және аталған сомада 1996 жылғы 20 қыркүйектегi жай-күйi бойынша олардың пайдалану уақытындағы жылдық
10 процентi":
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Борлы" акционерлiк қоғамы жоғарыда аталған орталықтандырылған
несиенi пайдалану уақытындағы бұрын есептелген проценттерiнiң қалған
бөлiгiн төлеуден босатылсын";
аталған қаулының қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 25 қарашадағы
N 1437 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiне көмiр беру
КЕСТЕСI
___________________________________________________________________
Ай | Акционерлiк қоғамдар
|______________________________________________
| "Борлы" | "Рысты- АЭРВЗ"
|______________________|_______________________
|Көмiр |Берiлетiн | Көмiр |Берiлетiн
|саны |көмiрдiң | саны |көмiрдiң
|т. |құны (ҚҚС | т. |құны ( ҚҚС
| |ескерiп) | |ескерiп)
| |мың. теңге | |мың теңге
___________________________________________________________________
Қыркүйек 15240 24690 30000 21450
Қазан 15000 24310 20000 14300
Қараша 5583 9045 5944 4250
Барлығы 35823 58045 55944 40000
