1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қоса берiлген тiзбеге сәйкес республикалық бюджетке жалпы сомасы 103280 мың (жүз үш миллион екi жүз сексен мың) теңге төлем бойынша берешектерi бар Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолдары басқармалары мен республикалық бюджет арасындағы берешекке есептеме жүргiзсiн.
Аталған сома қорғаныс және құқық қорғау органдарының көлiк ұйымдары алдындағы қызмет көрсеткенi үшiн берешектерiн өтеуге арналған бюджеттiк ұйымдарды қаржыландыру есебiне есептелсiн.
Берешек есептемесiндегi көрсетiлген сома 1996 жылға 1 қазандағы жағдайы бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсi және шығысы бөлiгiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.
2. Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолдары басқармалары
қорғаныс және құқық қорғау органдары бюджеттiк ұйымдарының
кредиторлық берешектерiн республикалық бюджетке есептелетiн салық
төлемдерi есебiне есептесiн.
3. Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстарының әкiмдерi тиiстi
жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдар бойынша
осы секiлдi есептеме жүргiзу мүмкiндiгiн қарастырсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 1 қарашадағы
N 1343 қаулысына
қосымша
Қорғаныс және құқық қорғау ведомстволарының қаржыландыру
есебiне есептеме қабылданатын республикалық бюджетке
төлемдер бойынша берешектерi бар көлiк ұйымдарының
ТIЗБЕСI
(мың теңге)
___________________________________________________________________
Көлiк ұйымдарының атаулары, |Есептемеге|Оның iшiнде Қазақстан
республикалық бюджетке салық|алынған |Республикасының қорғаныс
төлемдерiнiң түрлерi |берешек |және құқық қорғау органдары
|сомасы, |бойынша
|барлығы |_________________________
| |Қорғаныс |Республикалық
| |министрлiгi|ұлан
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
___________________________________________________________________
Алматы темiр жол басқармасы,
Алматы қаласы
қосымша құнға арналған
салық 61641 50000 2000
Батыс Қазақстан темiр жол
басқармасы, Ақтөбе қаласы
заңды тұлғалардың
табысына салық 20439 19769
Тың темiр жол басқармасы,
Ақмола қаласы
қосымша құнға арналған
салық 21200 20000
ЖИЫНЫ: 103280 89769 2000
__________________________________________________________________
Оның iшiнде Қазақстан Республикасының қорғаныс және құқық қорғау
органдары бойынша
__________________________________________________________________
Төтенше жағдайлар | Ұлттық |Мемлекеттiк |Iшкi iстер
жөнiндегi мемлекеттiк|қауiпсiздiк |тергеу |министрлiгi
комитет |комитетi |комитетi |
__________________________________________________________________
5 | 6 | 7 | 8
__________________________________________________________________
1000 1842 799 6000
670
1200
1000 3712 799 6000
