Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарын
санациялау мен тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жаңа
құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы
4 қыркүйектегi N 1087 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарын
санациялау және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына:
Молоканов А.А. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi төрағасының орынбасары,
Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру
жөнiндегi агенттiктiң директоры-хатшы
болып
енгiзiлсiн.
Б.М.Имашев осы аталған құрамнан шығарылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қыркүйектегi N 1087 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қазан N 1313
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
