1. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының республикалық бюджеттiң кiрiсiне жататын 80 000 000 (сексен миллион) теңге сомасындағы "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң берешегiне және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердiң байланыс бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының алдындағы берешегiне есептеме жүргiзу туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң республикалық бюджетке 80 000 000 (сексен миллион) теңге, оның iшiнде герман кредит желiсi бойынша 72 000 000 (жетпiс екi миллион) теңге, директивтiк кредит бойынша 8 000 000 (сегiз миллион) теңге сомасындағы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердiң қосымшаға сәйкес байланыс бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясына берешектi өтеу есебiне есептеме жүргiзсiн.
3. "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгi жүргiзiлген
есептеменi ескере отырып, соған "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық
бiрлестiгi мен "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының
арасында бұрын жасалған шартты сәйкестiкке келтiрсiн.
4. Бюджеттiк қарыздар бойынша аталған есептеменi 1996 жылға
арналған бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып
жүргiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 14 тамыздағы
N 1009 қаулысына
қосымша
Байланыс бойынша көрсетiлген қызмет үшiн
берешектердi есепке алу жүзеге асырылатын
республикалық бюджеттiк мекемелердiң
ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
| Берешектiк
Министрлiктер мен ведомстволардың атауы | сомасы, теңге
________________________________________________|__________________
Қазақстан Республикасының Парламентi 14 630 970
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
министрлiгi 1 000 000
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты 41 144 058
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi 247 664
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 5 326 920
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы
жөнiндегi агенттiгi 15 865
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
Ғылым академиясы 442 996
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1 780 253
Қазақстан Республикасының мәдениет министрлiгi 589 228
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш
агенттiгi 25 781
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 3 746 344
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
өнеркәсiбi министрлiгi 306 746
Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм
және спорт министрлiгi 301 410
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi 213 682
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi
жөнiндегi комитетi 130 058
Қазақстан Республикасының Геология және жер
қойнауын қорғау министрлiгi 267 637
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға
қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1 285 835
Қазақстан Республикасының Баспасөз және
бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық
агенттiгi 2 552 891
Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен
ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 55 000
Қазақстан Республикасының Жер қатынастары
және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi 80 428
Қазақстан Республикасының Стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi 94 916
Қазақстан Республикасының Экология және
биоресурстар министрлiгi 121 904
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
министрлiгi 1 323 115
Қазақстан Республикасының Су ресурстары
жөнiндегi комитетi 247 688
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 745 080
Қазақстан Республикасының Энергетика және
көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 579 934
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 2 610 514
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты
қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау
жөнiндегi комитетi 134 083
___________________________________________________________________
ЖИЫНТЫҒЫ: 80 000 000
