1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен республикалық бюджетке салық төлемдерi бойынша жалпы сомасы 18825 мың (он сегiз миллион сегiз жүз жиырма бес мың) теңге берешегi бар "электромонтаж" акционерлiк қоғамының ведомстволық бағынысындағы ұйымдар арасындағы берешектерiне қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес бiржолғы есептеме жүргiзсiн (1-қосымша).
Аталған соманы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн қаржыландыру есебiне олардың тұтынылған электр энергиясы үшiн энергия комбинаттары алдындағы берешектерiн өтеуге есептелсiн (2-қосымша).
2. Маңғыстау атом энергиясы комбинаты мен Жамбыл облыстық энергия комбинаты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң энергия комбинаттарына кредиттiк берешектерi сомасын энергия комбинаттарының "Электромонтаж" акционерлiк қоғамына кредиттiк берешегiн өтеу
есебiне есептемеге алсын.
3. Берешектердi есептеу 1996 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша,
аталған соманы республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде
көрсете отырып жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 8 шiлдедегi
N 856 қаулысына
1-қосымша
Республикалық бюджетке салық төлемдерi бойынша Қазақстан
Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару
жүйесi мекемелерiн қаржыландыру есебiне есептемеге
алынған берешектерi бар ұйымдардың
Тiзбесi
___________________________________________________________________
Ұйымдардың атаулары, салық | Есептемеге жатқызылған
төлемдерiнiң түрлерi | сома, мың теңге
___________________________________________________________________
"Электромонтаж" акционерлiк қоғамының |
Жамбылдағы монтаждау басқармасы, Жамбыл |
қаласы, барлығы | 1200
оның iшiнде |
заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы | 1200
|
"Электромонтаж" акционерлiк қоғамының |
Ақтаудағы мамандандырылған монтаждау |
басқармасы, Ақтау қаласы, |
барлығы | 17625
оның iшiнде |
қосылған құнға салынатын салық заңды | 6280
тұлғалардан алынатын табыс салығы | 6680
Экономиканы қайта жаңғырту қоры | 2055
кәсiпкерлiк қоры | 27
|
Жиынтығы | 18825
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 8 шiлдедегi
N 856 қаулысына
2-қосымша
"Электромонтаж" акционерлiк қоғамына
қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң аталған
ұйымдар алдындағы берешегiн өтеу есептемесiне
алынған берешегi бар ұйымдардың
Тiзбесi
(мың теңге)
___________________________________________________________________
Материалдық құндылықтарды | Есептемеге | Берешектерi бар
берушi, қызмет көрсетушi | жататын | қылмыстық-атқару
кәсiпорындар | берешек | жүйесiнiң мекемелерi
| |_______________________
| | ГМ-172/1 | ДЖ-158/1
| | мекемесi | мекемесi
___________________________________________________________________
Маңғыстау атом энергия |
комбинаты, Ақтау қаласы | 17625 17625
Жамбыл облыстық энергия |
комбинаты, Жамбыл қаласы | 1200 1200
Барлығы | 18825 17625 1200
