1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Астана дәрi" акционерлiк қоғамының Европалық Қоғамдастық Комиссиясының кредитi бойынша республикалық бюджеттiң алдындағы 7,2 млн. (жетi миллион екi жүз мың) теңге берешегiнiң бiр бөлiгiн олар "Астана дәрi" акционерлiк қоғамы ұйымынан қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес алған дәрiлiк препараттар үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлiгiнiң республикалық емдеу мекемелерiн
қаржыландырудың есебiне есептеу жүргiзсiн.
2. Берешектi есептеу аталған соманы республикалық бюджеттiң
кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiп жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 3 маусымдағы
N 683 қаулысына
қосымша
Республикалық емдеу мекемелерiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегi
жағдай бойынша "Астана-дәрi" акционерлiк қоғамының есебiне
қабылданатын берешегi
_______________________________________________________________
Дәрiхананың і Ұйымның атауы і Сомасы,
номерi і і мың теңге
_______________________________________________________________
58 Қазақ онкология ғылыми-зерттеу институты 92
-"- Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң госпиталi 1521
64 Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты 1409
78 Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институты 2050
65 Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институты 1587
-"- Қазақ Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 519
емханасы
-"- Республикалық стоматологиялық емхана 7
-"- Республикалық консультациялық емхана 15
Барлығы 7200
