1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен республикалық бюджетке заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 74 (жетпiс төрт) млн. теңге сомасында берешегi бар "Алматыгортеплокоммунэнерго" акционерлiк қоғамы арасында берешек есептемесiн жүргiзсiн.
Аталған сома қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес тұтынылған жылу
энергиясы үшiн қарызы бар бюджеттiк ұйымдарды қаржыландыру шотына
есептелсiн.
2. Берешектi есептеу аталған сома республикалық бюджеттiң кiрiс
және шығыс бөлiмдерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
3. Алматы қаласының әкiмi жергiлiктi бюджеттен
қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдар бойынша берешектердi қысқарту
мақсатында осындай есептемелер жүргiзу туралы шешiм қабылдағаны
ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 22 мамырдағы
N 625 қаулысына
1-қосымша
Тұтынылған жылу энергиясы үшiн берешек есептемесi
жүзеге асырылатын министрлiктердiң, ведомстволар
мен республикалық мекемелердiң
Тiзбесi
___________________________________________________________________
Ұйымның атауы Сомасы, мың теңге
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ғылым
министрлiгi - Ғылым академиясы 10158
Республикалық ғылыми-техникалық
кiтапхана 261
Қазақстан Республикасының Үкiметi
жанындағы Архивтер мен құжаттама
бас басқармасы 499
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлiгi 34300
Қазақстан Республикасының Президентi
Iс басқармасының Медицина орталығы 11191
Қазақстан Республикасының Шекара
әскерлерi әскери институты 13000
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлiгi 3761
Қазақстан Республикасының Статистика
және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 330
Қазақстан Республикасының
Орталық музейi 500
Жиыны 74000
