1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының республикалық бюджетке заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 719 (жетi жүз он тоғыз) млн. теңге берешегiне республикалық бюджеттiк мекемелердiң энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берiлген жылу және электр энергиясы үшiн берешегiн өтеу есебiнен қосымшаға сәйкес есептеу жүргiзсiн.
2. Павлодар облысы әкiмiнiң "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының жергiлiктi бюджетке 479 (төрт жүз жетпiс тоғыз) млн. теңге сомасындағы заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы төлемi берешегiн жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер бойынша
жылу және электр энергиясы үшiн берешегiн өтеу есебiне осы қоғамның
көмiр беру жолымен өтеуi жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
3. Аталған есептеу 1996 жылдың кiрiс және шығыс бөлiктерiнде
көрсетiле отырып енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 25 наурыздағы
N 343 қаулысына
қосымша
Жылу-электр энергиясы үшiн есептеу жүргiзiлетiн
республикалық бюджеттiк мекемелердiң тiзбесi
сомасы, мың теңге
Әскери институт 2000
ҰҚК 20262
Мемматрезервтер 13945
Қорғанысминi 175657
Бiлiмминi 66474
Көлiкминi 167117
ҚазМҰУ 26600
Экономминi 457
Әдiлетминi 1448
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Iс басқармасы 780
Денсаулық минi 22605
Қаржыминi 2357
Мәдениетминi 18218
"Қазақстан теледидары мен радиосы"
республикалық корпорациясы 38133
Қазгидромет 7019
Экобиоресурсминi 1800
Орманшаркомы 15000
Ауылшарминi 28675
Суресурскомы 2738
Iшкi әскерлер 64500
Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитет 6307
АҚ штабы 6308
Шекара әскерi 16500
Қазгеодезия 14100
Барлығы 719000
