1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен салық төлемдерi және басқа да борыш мiндеттемелерi бойынша республикалық бюджет алдында жалпы сомасы 49 (қырық тоғыз миллион) млн. теңге қарызы бар кәсiпорындар мен ұйымдар арасындағы қарыздың бiр жолғы есептемесiн берiлiп отырған тiзбеге сәйкес жүргiзiлсiн.
Аталған соманы жоғарыда аталған кәсiпорындар мен ұйымдардың алған материалдық игiлiктерi үшiн қарызын, құқық қорғау және қорғаныс ведомстволарын қаржыландыру есебiне есептесiн.
2. Қарызды есептеу 1995 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргiзiлiп, аталған сома республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiмдерiнде көрсетiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
28 желтоқсандағы
N 1873 қаулысына
қосымша
Республикалық бюджет бойынша құқық қорғау
және қорғаныс ведомстволарын қаржыландыру
есебiнен есепке алынатын бюджетке салық
және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша
қарызы бар кәсiпорындар мен ұйымдардың
Тiзбесi
(мың теңге)
___________________________________________________________________
Кәсiпорындар мен ұйымдардың Құқық қорғау және қорғаныс
атаулары, республикалық ведомстволарының атауы
бюджет алдындағы салықтар мен ____________________________________
басқа да мiндеттi төлемде. Есептемеге | Соның iшiнде
рiнiң түрлерi алынуға |_________________________
тиiс | ҰҚК | Қорғаныс
| | министрлiгi
___________________________________________________________________
"Алпам" акционерлiк қоғамы,
Алматы қаласы,
барлығы 5000 5000
Соның iшiнде:
қосылған құнға салынатын
салық 5000 5000
"Жиhаз комбинаты" акционерлiк
қоғамы Өскемен қаласы,
барлығы 32000 32000
Соның iшiнде:
қосылған құнға салынатын салық 16865 16865
заңды тұлғалардан алынатын
табыс салығы 7743 7743
Экономиканы қайта жаңғырту
қоры 7392 7392
"Бент" акционерлiк қоғамы
Алматы облысы,
барлығы 12000 12000
Соның iшiнде:
қосылған құнға салынатын
салық 7000 7000
пайдаға салынатын салық 5000 5000
Жиыны 49000 5000 44000
