1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 50 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне министрдiң 3
орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан
тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң орталық
аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 желтоқсандағы N 1408 қаулысының күшi
жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1818 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi орталық
аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Өнер басқармасы
Қаржы-экономика бөлiмi
Бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Саланы реформалау, жаңа инфрақұрылым және кадр жұмысы бөлiмi
Шетелдермен мәдени байланыстарды үйлестiру бөлiмi
Тарихи мұраларды қорғау, музей және мәдени-демалыс жұмыстары
бөлiмi
Аппарат жұмысын ұйымдастыру басқармасы
