1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 120 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 11 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлiгi үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi
орталық аппаратының құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1101 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3
қазандағы N 1101 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 маусымдағы N 792
қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1808 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлiгi орталық аппаратының
Құрылымы
Басшылық
Мемлекеттiк экологиялық бақылау бас басқармасы
Биологиялық ресурстарды қорғау, ұдайы өндiрiс және пайдалану
жөнiндегi бас басқарма (Қазбасбиоресурс)
Мемлекеттiк экологиялық сараптама басқармасы
Экологияның ғылыми-техникалық проблемалар және халықаралық
жобалар басқармасы
Табиғатты пайдалануды жоспарлау, экономика және нормативтер
басқармасы
Қаржы басқармасы
Ұйымдастыру-заң бөлiмi
Кадр және арнайы жұмыс бөлiмi
Жалпы бөлiмi
