1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 143 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын және 15 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 шiлдедегi N 927 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1792 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi
орталық аппаратының
Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
Басшылық
Жоғары бiлiм мен ғылым бас басқармасы
Орта бiлiм бас басқармасы
Экономика және қаржы бас басқармасы
Арнаулы орта бiлiм басқармасы
Кәсiптiк-техникалық бiлiм басқармасы
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
Талдаумен және ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету басқармасы
Инспектрлау басқармасы
Тәрбие жұмысының оқу-әдiстеме бөлiмi
Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi
Мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуды үйлестiру бөлiмi
Заң бөлiмi
Әскери-жұмылдыру және арнайы жұмыстар секторы
