1. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының құрылымы орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi санында, қосымшаға сәйкес, 57 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне министрдiң 4 орынбасарын, соның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 11 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. <*>
3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
<*>
Ескерту. 2,3-тармақтарына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
1996.05.12. N 583 қаулысымен.
4. "Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 қыркүйектегi N 1010
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1786 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм
және спорт министрлiгi орталық аппаратының
Құрылымы
Басшылық
Жастар iсi басқармасы
Туризм басқармасы
Спорт басқармасы
Ұйымдастыру жұмыстары басқармасы
Қаржы-экономика бөлiмi
Бухгалтерлiк есеп бөлiмi
