1. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 67 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне министрдiң 2 орынбасарын, соның iшiнде бiреуi бiрiншi орынбасары, саны 9 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.03.21.
N 339 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн қызметтiк 3 жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 қарашадағы N 1241
қаулысының күшi жойылған деп саналсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1784 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау
министрлiгi орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Мұнай және газ жөнiнде жер қойнауын геологиялық зерттеудi және
игерудi талдау мен болжау басқармасы
Қатты пайдалы қазбалар жөнiнде жер қойнауын геологиялық
зерттеудi және игерудi талдау мен болжау басқармасы
Қаржыландыру-экономика басқармасы
Жер қойнауын қорғау басқармасы
Гидрогеология бөлiмi
Нормативтiк-құқықтық сектор
Бiрiншi бөлiм
Кадр бөлiмi
