1. Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосы орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 29 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосына Төрағаның
1 орынбасарын, сондай-ақ саны 5 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосының орталық
аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Ұлттық патент Ведомствосының орталық аппаратының құрылымы туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9
қарашадағы N 1246 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1782 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық патент
ведомствосының орталық аппаратының
Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
Басшылық
Өнертабыстары мен пайдалы модельдерге сараптама жасау бөлiмi
Тауар белгiлерi мен өнеркәсiп үлгiлерiне сараптама жасау бөлiмi
Тiркеу және мемлекеттiк тiзiлiм бөлiмi
Лицензиялар, халықаралық қатынастар және құқық бөлiмi
Жарнама-баспа және автоматтандырылған басқару жүйелерiн енгiзу
бөлiмi
Жалпы бөлiм
