"Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтын қайта құру және "Бiлiм" ғылыми-педагогикалық бiрлестiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 477 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 22, 282-құжат/ мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:
2-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
"Алматы қаласының N 1 педучилищесiн, N 159 орта мектебiн,
N 29 және N 204 бала бақшаларын қаржыландыру Алматы қаласының
бюджетiнен жүзеге асырылсын";
3-тармақ алынып тасталсын;
4, 5 және 6-тармақтар тиiсiнше 3, 4 және 5-тармақтар болып
саналсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
