1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылға арналған республикалық бюджетте қалалық қоғамдық көлiктi дамытуға көзделген соманы жергiлiктi бюджеттерге берiп, оны кейiн қосымшаға сәйкес республикалық бюджетпен өзара есеп айырысу шотына жатқызсын.
2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бөлiнетiн қаржының жолаушылар көлiгiнiң залалын өтеуге және жылжымалы құрам паркiн жаңғыртуға мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне аталған мақсатқа жұмсалатын соманың шегiнде автобустар, троллейбустар және трамвайлар сатып алуына тапсырыс берiлсiн.
1996 жылдан бастап қалалық жолаушылар көлiгiнiң жұмысына
байланысты шығындарды дербес қаржыландыруды қамтамасыз ету
жөнiнде шаралар қолданылсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi облыстардың және Алматы қаласы әкiмдерiнiң
тапсырыстары негiзiнде республикадағы қалалық жолаушылар
көлiгi кәсiпорындарын пайдаланудың техникалық мүмкiндiктерiн
ескерiп, тиiсiнше маркалардағы жылжымалы құрамды орталықтандырып
сатып алуға арналған келiсiмдердi (контрактыларды) ресiмдеудi
қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 16 қазандағы
N 1332 қаулысына
қосымша
Қалалық қоғамдық көлiктi дамытуға
арналған қаражатты
Бөлу
________________________________________________________________
Облыстар Қаражат сомасы
(миллион теңге)
________________________________________________________________
Ақтөбе 80
Алматы 40
Ақмола 30
Атырау 40
Шығыс Қазақстан 110
Жамбыл 50
Жезқазған 40
Батыс Қазақстан 40
Қарағанды 120
Қызылорда 30
Көкшетау 40
Қостанай 80
Маңғыстау 40
Павлодар 110
Солтүстiк Қазақстан 40
Семей 40
Талдықорған 30
Торғай 10
Оңтүстiк Қазақстан 130
Алматы қаласы 400
_________________________
Жиыны 1500
Резервтiк қор 500
_________________________
Барлығы 2000
