Заңсыз араласу актiлерiнен азаматтық авиацияның авиациялық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының
халықаралық конвенциялар мен шарттар жөнiндегi өз мiндеттемелерiн
толық көлемде орындауы мақсатында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының авиациялық
қауiпсiздiгi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия мына құрамда
құрылсын:
Есенғарин Н.Қ. - Қазақстан Республикасы Премьер-
министрiнiң бiрiншi орынбасары
(төраға)
Әлиғожанов С.Қ. - Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрi (төрағаның
орынбасары)
Иванов В.С. - "Қазақстан әуе жолы" ұлттық
акционерлiк авиакомпаниясы авиациялық
қауiпсiздiк бөлiмiнiң бас маманы
(хатшы)
Комиссия мүшелерi:
Әбусейiтов К.Х. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
министрлiгi халықаралық қауiпсiздiк
басқармасының бастығы
Боранбаев С.Ж. - Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрлiгi әуе
көлiгi департаментiнiң директоры
Васильев В.Н. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлiгi ӘҚБ БЖ бас орталығының
бастығы
Дагаев Л.С. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары
Ысқақов Б.Ғ. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қапсұлтанов А.Қ. - Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетi жанындағы Кеден комитетi
төрағасының бiрiншi орынбасары
Лабусов В.Г. - "Қазақстан әуе жолы" ұлттық
акционерлiк авиакомпаниясы авиация
қауiпсiздiгi бөлiмiнiң бас маманы
Ларионов О.Н. - Қазақстан Республикасы Президентi
күзет қызметi бастығының орынбасары
Петров В.В. - Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
комиссиясының бөлiм меңгерушiсi
Петяшин Е.В. - "Қазақстан әуе жолы" ұлттық
акционерлiк авиакомпаниясының
вице-президентi
Тихонов С.В. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрiнiң бiрiншi орынбасары
Уажанов Т.У. - Қазақстан шекаралық бақылау бөлiмi
бастығының орынбасары
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi:
Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясы авиациялық
қауiпсiздiк жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы Ереженi бiр
ай мерзiм iшiнде;
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп әзiрленген Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясы авиациялық қауiпсiздiгi бағдарламасын үстiмiздегi жылдың 1 қазанына дейiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
