Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Жамбыл облысы әкiмiнiң және Қазақстан Республикасы Жер
қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттiк қорығына оның аумағын
кеңейту және орман күзетi құрылысы үшiн Жуалы ауданының жер
иелiктерiнен қосымшаға сәйкес жер учаскелерiн тұрақты пайдалану
құқын беру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 22 маусымдағы
N 855 қаулысына
қосымша
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы жер учаскелерi
алынатын және оларды пайдалану құқы "Ақсу-Жабағылы"
қорығына берiлетiн жер иелiктерiнiң
Тiзбесi
-----------------------------------------------------------------
Жер учаскелерi алынатын | Жер учаскелерiнiң
жер иелiктерiнiң атауы | аумағы, га
|------------------------
| барлығы | оның iшiнде
| |басқа да жер
| |алаптары
------------------------------------------------------------------
Жамбыл орман шаруашылығы 10660 10660
өндiрiстiк бiрлестiгi
Бауыржан Момышұлы атындағы
жекеменшiк агрокәсiпкерлiк
фирмасы 6 6
-----------------------------------------------------------------
Қорытындысы 10666 10666
"Ақсу-Жабағылы" мемлекеттiк қорығына Жамбыл облысындағы жер учаскелерiн пайдалану құқын беру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 22 маусымдағы N 855
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
