1. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерi шегiнде 55 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге
орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 2
орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат
етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге
орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты
үшiн қызметтiк 3 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 7 желтоқсандағы
N 1390 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге
орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық
аппаратының
Құрылымы
Басшылық
Құқықтық және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi (жетекшi)
Қаржы-экономикалық қамтамасыз ету бөлiмi
Бухгалтерлiк есеп және жиынтық баланс бөлiмi
Жердi пайдалануға мемлекеттiк бақылау жасау бөлiмi (жетекшi)
Жерге орналастыру бөлiмi (жетекшi)
Жер кадастры бөлiмi (жетекшi)
Жер құнарлылығы және мониторингi бөлiмi
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi
Iс басқармасы
