1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы осы аппарат қызметкерлерiнiң шегiнде 67 адам болып қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитетке төрағаның бiр орынбасарын, сондай-ақ 8 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. <*>
Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
06.06. N 793 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитеттiң орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 9 қарашадағы
N 1243 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Су ресурстар жөнiндегi комитеттiң
орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Су ресурстары басқармасы
Су шаруашылығы объектiлерi мен ғимараттары басқармасы
Арал, Каспий теңiздерi мен көлдер проблемалары жөнiндегi
бөлiм
Ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық
бөлiмi
Инвестициялық шаралар бөлiмi
Экономика және бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Кадр және құқықтық жұмыстар бөлiмi
Жалпы бөлiм
