1. Республикалық қан құю станциясының атауы ұстауға көзделген қаражат шеңберiнде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Республикалық қан орталығы болып, облыстық (қалалық) қан құю станциясы - облыстық (қалалық) қан орталығы болып өзгертiлсiн.
2. Қан орталықтары қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:
халық арасында донорлықты насихаттау;
консервiленген донор қанын жинау, донорлық плазмофорез бен цитофорез жасау, құрамдас бөлiктерiн алу, дәрi-дәрмек жасау, қан ұлпаларын мұздату әдiсiмен консервiлеу, сондай-ақ олармен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен номенклатураға сәйкес емдеу мекемелерiн қамтамасыз ету;
республиканың қан құю қызметi мекемелерi мен өнеркәсiп орындары шығаратын қан консервантының, қан алмастырғыштар мен қаннан жасалатын дәрi-дәрмектердiң сапасын бақылау, осы қызмет үшiн медициналық техниканың арнайы бұйымдарын қолдану жөнiнде нұсқаулар әзiрлеу;
клиникалық және өндiрiстiк трансфузиология мәселелерi жөнiндегi медицина және инженер-техника кадрларын даярлауды ұйымдастыру;
бейбiтшiлiк және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
кезiнде азаматтық қорғаныстың медициналық қызметi мен жедел
медициналық көмек қызметi бойынша арнайы шаралар жоспарлау және
өткiзу.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
Республикалық және облыстық (қалалық) қан орталықтары туралы
Ереженi;
емдеу-сауықтыру мекемелерiнде қолданылатын қанның құрамдас
бөлiктерi мен өнiмдерiнiң тiзiмiн бекiтсiн.
Денсаулық сақтау мекемелерiнiң номенклатурасына тиiстi
өзгертулер енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
