1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы осы аппарат қызметкерлерiнiң саны 333 адамнан аспайтын мөлшерде қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне
министрдiң 4 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi
орынбасарын, сондай-ақ 13 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат
етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң
орталық аппаратына 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 7 қазандағы
N 1126 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
орталық аппаратының
Құрылымы
Халықаралық экономикалық қатынастар және халықаралық
экономикалық ұйымдар Бас басқармасы
Бас консул басқармасы
Саяси талдау және жоспарлау Бас басқармасы
Атқару хатшылығы
БҰҰ және мамандандырылған халықаралық ұйымдар Бас басқармасы
Бас шарт-құқық басқармасы
Бас қаржы-әкiмшiлiк басқармасы
ТМД және Балтық елдерi жетекшi басқармасы
Европа елдерi жетекшi басқармасы
Америка елдерi жетекшi басқармасы
Азия елдерi жетекшi басқармасы
Таяу, Орта Шығыс және Африка елдерi жетекшi басқармасы
Мемлекеттiк Хаттама жетекшi басқармасы
Мәдени байланыстар мен гуманитарлық ынтымақтастық және
ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi жетекшi басқарма
Халықаралық қауiпсiздiк және қару-жараққа бақылау жетекшi
басқармасы
Кадрлар жетекшi басқармасы
Аудармамен қамтамасыз ету бөлiмi
