1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны 72 адам шегiнде бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне министрдiң 4 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 15 адамы бар алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң
1995.02.06. N 115 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 жеңiл қызмет автомобиль
лимитi белгiленсiн.
<*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң
1995.02.06. N 115 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 4 қазандағы
N 1102 қаулысына
Қосымша
<*>
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң
1995.02.13. N 155 қаулысына сәйкес.
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi
министрлiгi орталық аппаратының
Құрылымы
Басшылық
Мұнай мен газ өндiру және өңдеу басқармасы (жетекшi)
Экономикалық басқарма
Сыртқы экономикалық байланыстар басқармасы (жетекшi)
Минералды-шикiзат базасын дамыту бөлiмi
Техника, ғылым және экология бөлiмi
Бухгалтерия
Ic Басқармасы
