1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитет таратылып, оның қызметi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берiлсiн.
(2-тармақ) <*> .
Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылды. Қаз. Рес. Мин. Каб.
қаулысы. 1994 ж. N 1078 N, 29 қыркүйек
3. 1994 жылдың 1 қыркүйегiнен министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер және ведомстволардың орталық аппараттары қызметкерлерiнiң саны 1667 адамға, олардың республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi органдары қызметкерлерiнiң саны 5568 адамға қысқартылсын.
4. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының орталық аппаратының шектi мөлшерi, сондай-ақ министрлердiң орынбасарларының, мемлекеттiк комитеттер төрағаларының және ведомстволар басшыларының саны N 1-3 қосымшаларға сәйкес белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүргiзiлiп жатқан шараларға сәйкес министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және ведомстволар бойынша еңбекке ақы төлеу қорын анықтасын.
5. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың және басқа да мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары орталық аппараты басшы қызметкерлерiнiң, мамандары мен қызметшiлерiнiң сандық нормативтерi N 4 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
6. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және ведомстволардың орталық аппараты құрылымын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн болып белгiленсiн.
Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және ведомстволар Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 2 ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген орталық аппараттың құрылымын беретiн болсын.
7. 1994 жылдың 1 қыркүйектен бастап министрлiктердегi, мемлекеттiк комитеттердегi, ведомстволардағы, облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмшiлiктердегi, олардың дербес басқармалары мен бөлiмдерiндегi ұстау шығындары республикалық, облыстық, Алматы және Ленинск қалалық бюджеттерi қаржысы есебiнен өтелетiн қызметтiк жеңiл автомобильдер саны 30 процентке қысқартылсын.
Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi мемлекеттiк басқару органдарына қызмет көрсететiн, ұстау шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен өтелетiн жеңiл автомобильдер санының қысқартылуын қамтамасыз етсiн.
8. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың орталық аппараты қызметкерлерiне қызмет көрсететiн қызметтiк жеңiл автомобильдер санының лимитi N 5 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
Осы қаулыда қарастырылған шараларды жүргiзу нәтижесiнде босаған жеңiл автомобильдер белгiленген тәртiп бойынша аукциондар арқылы сатылсын.
9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, қызметтiк бiр автомобильдiң айлық бензин лимитiн белгiлеп, оны 1994 жылдың 1 қазанынан бастап қолдануға енгiзу тапсырылсын.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, мәслихат-жиналыстардың және әкiмдердiң келiсiмi бойынша 2 ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне:
басқару аппараты қызметкерлерiнiң саны мен еңбек ақы қоры;
қызметтiк жеңiл автомобильдер саны;
қызметтiк iссапарлар шығынының лимиттерiн бекiтуге беретiн болсын.
11. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың басшылары мен әкiмдер:
мемлекеттiк басқару органдары аппаратын қысқарту жөнiндегi жұмысты Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 1990 жылдың 15 желтоқсанындағы Заңына сәйкес босаған қызметкерлерге жеңiлдiктер мен өтемақылар бере отырып, еңбек заңдарына қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;
аппараттың штат кестелерiн осы қаулының N 3 қосымшасында қарастырылған нормативтердi сақтай отырып, белгiленген сан және еңбек ақы төлеу қоры шегiнде бекiтуге;
басқару аппаратын ұстауға арналған мемлекет қаржысын жұмсауға қатаң үнемдеу тәртiбiн қамтамасыз етуге;
әкiмшiлiк үйлерi мен қызмет кабинеттерiн әрлеу, жабдықтау және iшкi жиhаздау кезiнде ысырапқорлыққа жол бермеуге;
делегациялар мен жеке адамдарды қабылдауға мемлекеттiк қаржыны жұмсауды шектеуге, мұнда белгiленген нормаларды қатаң басшылыққа алуға мiндеттелсiн.
12. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен оның мекемелерiне:
министрлiктердiң, мемлекеттiк, комитеттердiң, ведомстволардың, мәслихат-жиналыстардың, әкiмдердiң және басқа да мемлекеттiк басқару органдарының шоттарынан қаржы беру және басқа да банк операцияларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде және жергiлiктi қаржы органдарында тiркелген шығыс сметаларын көрсеткенде ғана жасау;
еңбек ақыға, сыйақыға және материалдық көмекке, қызметтiк iссапарға қаржыны еңбек ақы қоры мен қызметтiк iссапар лимитi болғанда ғана беру;
мемлекеттiк басқару органдарының ағымдағы шотынан делегациялар мен жеке адамдарды қабылдауға қаржы жұмсауды республиканың Қаржы министрлiгiнде және жергiлiктi қаржы органдарында тiркелген осы мақсатқа арналған шығындар сметасына сәйкес жүргiзу ұсынылсын.
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Еңбек министрлiгiне және Экономика министрлiгiне мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, 1994 жылдың 1 қазанына дейiн мемлекеттiк өкiмет, прокуратура, құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерiнiң құрылымы, еңбекке ақы төлеу шарттары және қызметтiк жеңiл автомобильдер санының лимитi туралы қаулылардың жобаларын қарап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне ұсыну тапсырылсын.
14. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1994 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде республиканың министрлiктерiнде, мемлекеттiк комитеттерiнде және ведомстволарында қалыптасқан жүйенi зерттеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне республика экономикасын тұрақтандыруға және нарықтық қатынастарды тереңдетуге қажеттi жағдай жасайтындай экономиканы басқарудың жаңа жүйесiн ұсынатын болсын.
15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi және олардың жергiлiктi органдары:
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, әкiмдердiң және оларға қарасты органдардың, мекемелер мен ұйымдардың басқару аппаратын ұстауға арналған қаржыны жұмсауда қаржы және касса тәртiбiнiң сақталуы мен қатаң үнемдеу режимi болуына бақылауды күшейтсiн;
мемлекет қаржысын заңсыз шығындау фактiлерi анықталған
жағдайда оларды толық жойып, тиiстi лауазымды адамдарды жауапқа
тартатын болсын.
16. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi
министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, Республика
Үкiметi бұрын қабылдаған шешiмдердi қазiргi қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарын 3 ай мерзiм iшiнде
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне беретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 3 тамыздағы
N 874 қаулысына
N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы министрлiктерi, мемлекеттiк
комитеттерi және ведомстволары орталық аппаратының
шектi саны
--------------------------------------------------------------------
Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер ! Адам саны
мен ведомстволардың атауы !
--------------------------------------------------------------------
Геологияминi 68
Денсаулықминi 135
Сыртқыiсминi 333
Мәдениетминi 58
Ғылымминi 76
Қорғанысминi 526
Бiлiмминi 161
Баспасөзминi 81
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 305
<*>
Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi 82
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 271
Ауылшарминi 277
Әлеуметминi 98
Еңбекминi 122
Құрылысминi 165
Қаржыминi 752
Экономминi 328
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 65
Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi 72
Экобиоресурсминi 187
Әдiлетминi 136
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитет 110
Мемжерком 58
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитет 67
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi
қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитет 51
Мемстаткомы 167
Меммүлiккомы 94
Тiл жөнiндегi комитет 51
Мемқаржыбақылаукомы 170
Қазбасархив 24
Мемматрезервкомы 54
Қазгидромет 41
Қазкомстандар 51
Қазгеодезия 31
Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк 30
Ұлттық патент ведомствосы 30
Ұлттық аэроғарыш агенттiгi 55
ЖАК 30
--------------------------------------------------------------------
Ескерту. 1 қосымшаға өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң
22.12.1994 ж. N 1445 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 3 тамыздағы
N 874 қаулысына
N 2 қосымша
<*>
Ескерту. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға
қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
аумақтық органдарының шектi саны 472 бiрлiкке
көбейтiлсiн - ҚРМК-нiң 07.02.1995 ж. N 122
қаулысына сәйкес.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары
қызметкерлерiнiң шектi саны
--------------------------------------------------------------------
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының ! Адам саны
атаулары !
--------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Қаржыминiнiң қаржы, салық
және кеден органдары - барлығы 27107
оның iшiнде:
қаржы органдары 5904
салық инспекциялары 10970
кеден органдары 7013
қазынашылық 3220
Қазақстан Республикасы Мемқаржыбақылаукомының
аумақтық органдары 2805
Қазақстан Республикасы Мемстаткомының
статистика және талдау жөнiндегi басқармасы 752
Қазақстан Республикасы Баспасөзминiнiң
баспасөз бостандығын қорғау жөнiндегi облыстық инспекциялары 47
Қазақстан Республикасы Меммүлiккомының
аумақтық органдары 890
Қазақстан Республикасы Мемжеркомының
аумақтық органдары 626
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы кен-техникалық қадағалау комитетiнiң
басқармалары мен округтерi 661
Қазақстан Республикасы Мемстандартының
облыстық орталықтары 306
Қазақстан Республикасы Әдiлетминiнiң облыстық,
қалалық басқармалары 645
Қазақстан Республикасы Экобиоресурсминiнiң
Экология және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi
органдары 1822
Қазақстан Республикасы Еңбекминiнiң еңбектi
қорғау жөнiндегi инспекциялары 353
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы облыстық
комитеттерi 200
--------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 3 тамыздағы
N 874 қаулысына
N 3 қосымша
Қазақстан Республикасы министрлерi, мемлекеттiк
комитеттерi төрағалары мен ведомстволары басшылары
орынбасарларының шектi саны
--------------------------------------------------------------------
Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ! Адам саны
ведомстволардың атауы !
--------------------------------------------------------------------
Геологияминi 2
Денсаулықминi 3
Сыртқыiсминi 4
Мәдениетминi 2
Ғылымминi 2
Қорғанысминi 5
Бiлiмминi 4
Баспасөзминi 2
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 5
<*>
Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi 2
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 5
Ауылшарминi 4
Әлеуметминi 3
Еңбекминi 3
Құрылысминi 3
Қаржыминi 8
Экономминi 5
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 3
Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi 4
Экобиоресурсминi 3
Әдiлет министрлiгi 3
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитет 3
Мемжерком 1
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк
комитет 1
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi
қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi 1
Мемстаткомы 3
Меммүлiккомы 3
Тiл жөнiндегi комитет 1
Мемқаржыбақылаукомы 4
Қазбасархив 1
Мемматрезервком 1
Қазгидромет 1
Қазкомстандарт 1
Қазгеодезия 1
Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк 1
Ұлттық патент ведомствосы 1
Ұлттық аэроғарыш агенттiгi 1
ЖАК 1
Ескерту. 3 қосымшаға өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
22.12.1994 ж. N 1445 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 3 тамыздағы
N 874 қаулысына
N 4 Қосымша
Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң,
ведомстволардың және басқа мемлекеттiк өкiмет пен
басқару органдары орталық аппаратының басшы
қызметкерлерi, мамандары мен қызметкерлерi санының
Нормативтерi
______________________________________________________________________
Қызметкерлердiң жекелеген
санаттарының қатынастары
----------------------------------------------------------------------
1. Құрылымдық бөлiмдер адам саны төмендегiдей болғанда
/бөлiм бастықтарын қоса есептегенде/ құрылады
секторлар адам саны 3-тен кем болмаса
бөлiмдер адам саны 4-тен кем болмаса
басқармалар адам саны 10-нан кем болмаса
бас басқармалар қызметкерлер саны 20-дан кем болмаса
II. Құрылымдық бөлiмдер басшыларының орынбасарлары
лауазымы мынадай жағдайда енгiзiледi:
бөлiм бастығының орынбасары бөлiмде кемiнде /бастықты қоса
есептегенде/ 7 адам болса
Басқармалар бастықтарының басқармаларда кемiнде /бастықты
орынбасарлары қоса есептегенде/ 10 адам болса;
басқармалар бастықтары орынбасарларының
қосымша лауазымы - одан кейiнгi
әрбiр 10 адамға
Қазақстан Республикасы
министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 3 тамыздағы
Т 874 Қаулысына
N 5 қосымша
Қазақстан Республикасы министрлiктерi, мемлекеттiк
комитеттерi мен ведомстволары орталық аппараты
қызметкерлерiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк
жеңiл автомобильдер
ЛИМИТI
_________________________________________________________________
Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер Автомобильдер
мен ведомстволардың атаулары саны
-----------------------------------------------------------------
Геологияминi 3
Денсаулықминi 4
Сыртқыiсминi 5
Мәдениетминi 3
Ғылымминi 3
Қорғанысминi 4
Бiлiмминi 5
Баспасөзминi 3
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 6
<*>
Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi 3
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 7
Ауылшарминi 5
Әлеуметминi 4
Еңбекминi 4
Құрылысминi 4
Қаржыминi 25
Экономминi 6
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 4
Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi 4
Экобиоресурсминi 4
Әдiлетминi 4
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитет 4
Мемжерком 2
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк
комитет 2
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi
қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитет 2
Мемстатком 4
Меммүлiккомы 4
Тiл жөнiндегi комитет 2
Мемқаржыбақылаукомы 5
Қазбасархив 2
Мемматрезервком 2
Қазгидромет 2
Қазкомстандарт 2
Қазгеодезия 2
Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк 2
Ұлттық патент ведомствосы 2
Ұлттық аэроғарыш агенттiгi 2
ЖАК 2
Ескерту. N 5 қосымшадағы "5" цифры "6" цифрымен алмастырылды
- ҚРМК-нiң 10.02.1995 ж. N 143 қаулысымен.
