байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы
етедi:
1. Т.Б. Сәрсекемов "Балық" мемлекеттiк акционерлiк
компаниясының президентi болып тағайымдалсын, ол Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Балық
шаруашылығы жөнiндегi комитеттiң төрағасы - Ауыл шаруашылығы
министрiнiң орынбасары қызметiнен босатылсын.
2. Акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң иесi атынан Байқаушы
кеңестiң мынадай құрамы бекiтiлсiн:
Шишацкий В.В. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрiнiң орынбасары, төраға
Оспанов Е.М. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi АӨК кәсiпорындары
жекешелендiру басқармасының бас маманы
Жамтемiрова Р.К. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
АӨК және табиғат қорғау шараларын қаржыландыру
басқармасы жиынтық бөлiмi бастығының орынбасары
Куркин А.М. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi Алматы
облыстық басқармасы бастығының орынбасары
Сәрсекенов Т.Б. - "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
президентi
3. "Балық" компаниясы Байқаушы кеңесiнiң Төрағасына компания
Президентiмен контракт жасасу тапсырылсын.
4. "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен бекiтiлген Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк
холдинг және акционерлiк компаниялар президенттерiнiң еңбегiне
ақы төлеу, оларды әлеуметтiк және материалдық қамтамасыздандыру
туралы ережеге сәйкес бiрiншi санатқа жатқызылады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
"БАЛЫҚ" МЕМЛЕКЕТТIК АКЦИОНЕРЛIК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI МЕН БАЙҚАУШЫ КЕҢЕСI ТУРАЛЫ
Күшін жойғанҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 19 мамыр N 539. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.02.14. N 157 қаулысымен.
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
