1. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония комитетi құрылып, оған Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi Республика министрлiктерi мен ведомстволарының, мемлекеттiк кәсiпорындардың, жеке бизнестiң, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың күш-жiгерiн үйлестiру қызметi жүктелсiн.
2. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония
комитетiнiң жеке құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония
комитетi хатшылығының қызметiн атқару Қазақстан Республикасының
Экономика министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 19 тамыздағы
N 714 қаулысына
Қосымша
Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi
Қазақстан-Жапония комитетiнiң
Құрамы
Үркiмбаев М.Ф. - Қазақстан Республикасының Экономика министрi
(төраға)
<*>
Айманов Ә.К. - Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық
байланыстар министрiнiң орынбасары (төрағаның
орынбасары)
Арыстанов А.К. - Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi
жанындағы шетелдiк инвестициялар жөнiндегi
Ұлттық агенттiк басқармасының бастығы (хатшы)
Ескерту. Қосымшаға iшiнара өзгертулер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
5.04.1994 ж. N 327 қаулысымен.
Комитет мүшелерi:
Байсейiтов Б.Р. - Қазақстан кәсiпкерлерi Конгресiнiң президентi
Бейсенов О.М. - Қазақ акционерлiк "Тұранбанк" банкi
басқармасының төрағасы
Бектемiсов А.И. - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi
Дәукенов Д.К. - Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа
технологиялар министрiнiң орынбасары
Жандосов О.Ә. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
бiрiншi орынбасары, Қазақстан Республикасы
Экономика министрлiгi жанындағы шетелдiк
инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiгiнiң
төрағасы
Жомартов А.Ш. - "Жеңiлинвест" акционерлiк инвестициялық
компаниясының президентi
Дүйсебаев Б.Д. - Сыртқы iстер министрлiгiнiң халықаралық
қатынастар басқармасының бастығы
Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрiнiң
орынбасары
Есенғарин Н.Қ. - Қазақстан Республикасының Көлiк министрi
Кәкiмжанов З.Х. - "Кинко" инвестициялық компаниясының
президентi
Қиынов Л.К. - "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң
бас директоры
Милованов В.Д. - "КЭМПО" корпорациясының президентi
Мұхамеджанов Б.Ғ. - Шағын кәсiпорындар одағының президентi
Нәбиев Ж.Ж. - "Қазақстан коммерция" сыртқы экономикалық
қауымдастығының президентi
Түкенов Ә.Ә. - Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының
Сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң
бiрiншi орынбасары
Үркiмбаев М.Ф. - Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
Шарафутдинов Р.Я. - Қарағанды металлургия комбинатының бас
директоры
