1. 1993 - 1995 жылдары және 2000 жылдарға дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Бiлiм министрлiгiнiң қарамағындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнде жер реформасын қамтамасыз ету үшiн қосымшаға сәйкес көлемде мамандар даярлау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Бiлiм министрлiгi тиiстi дайындық жұмыстарын жүргiзсiн және 1993 жылы ведомстволық бағыныстағы жоғары оқу орындарында қажеттi мамандар даярлайтын факультеттер (бөлiмше) ашсын.
Жаңа факультеттер (бөлiмшелер) ашу, сондай-ақ қажеттi мамандар санын дайындау қабылдау жоспары мен аталған министрлiктер 1993 жылға және одан кейiнгi жылдарға белгiлеген қаражат шегiнде жүзеге асырылсын.
2. Жер реформасын жүргiзудiң бастапқы кезеңiнде негiзгi мамандық кадрларының тапшылығын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiн қатыстыра отырып 1993 жылдан бастап Ақмола Ауыл шаруашылық институтының жанынан
2-3 айлық бағдарлама бойынша жыл сайын 90 адам құрамында мамандарды
қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруын ұйымдастырсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1993 жылдан бастап
Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне осы мақсаттарға қажеттi қаржы
бөлудi қарастырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 24 наурыздағы
N 226 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1993-1995 жылдары және 2000
жылдарға дейiнгi кезеңде жер реформасын жүргiзу үшiн мамандарға
Қ А Ж Е Т Т I Г I
---------------!----------------------------------!---------------------
! ! Дайындалу талап
! Тиiстi мамандар даярлауды ! етiлетiн мамандар
Мамандықтар ! қамтамасыз ететiн жоғары ! (бiрлiк есебiмен)
тiзбесi ! және арнаулы орта оқу !---------------------
! орындарының атауы !1993-1995 ! 1996-2000
! ! жылдар ! жылдар
---------------!----------------------------------!----------!-----------
1 ! 2 3 ! 4
---
---------------!-----------------------------------!-----------------------
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Геодезистер Ақмола ауыл шаруашылық институты - 125
Жерге Ақмола ауыл шаруашылық институты 300 500
орналастырушылар
Қызылорда агроөнеркәсiптiк кешен 150 375
инженерлерi институты
Талғар ауыл шаруашылық техникумы 75 125
Қорытындысы 525 1000
Топырақ Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық 150 250
танушылар институты
Қазақ Ауыл шаруашылығы институты 150 250
Қорытындысы 300 500
Министрлiк бойынша БАРЛЫҒЫ 825 1500
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi
Жер кадастры Өскемен жол-құрылыс институты 75 125
жөнiндегi
инженерлер
Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi
Геоботаниктер 21 45
Қазақстан Республикасы бойынша 921 2045
БАРЛЫҒЫ
оның iшiнде:
геоботаниктер 21 45
геодезистер - 125
жерге 525 1000
орналастырушылар
жер кадастры 75 375
жөнiндегi
инженерлер
топырақ 300 500
танушылар
