"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы "Табиғат балалары – Ботаникалық бақ" экоорталығының аумағында орналасқан оранжереяға "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесі берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |