ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 339-жолда:
5-бағанда:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "Al SilkNet" ғылыми-технологиялық форсайт және предиктивтік аналитика орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамына қатысты 3 жыл, "Al SilkNet" ғылыми-технологиялық форсайт және предиктивтік аналитика орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2031 жылғы 11 наурызға дейін";
реттік нөмірі 342-жолда:
5-бағанда:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы;";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) "Al SilkNet" ғылыми-технологиялық форсайт және предиктивтік аналитика орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, "Al SilkNet" ғылыми-технологиялық форсайт және предиктивтік аналитика орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2031 жылғы 11 наурызға дейін".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2031 жылғы 11 наурызға дейін қолданылады.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |