Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы № 884 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 8 қазандағы
№ 884 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) корпоративтік қақтығыс – акционерлер мен қор немесе ұйым органдарының; қор немесе ұйым органдарының; Директорлар кеңесі мен атқарушы орган мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі басшысының, корпоративтік хатшының, сыбайлас жемқорлық қарсы комплаенс-қызмет басшысының, омбудсменнің арасындағы келіспеушіліктер немесе дау;";

      85-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Мәселелерді неғұрлым терең және сапалы пысықтау үшін қордың Директорлар кеңесі жанынан тұрақты жұмыс істейтін аудит, тағайындаулар мен сыйақылар, стратегия жөніндегі комитеттер құрылады. Өзге комитеттер қордың Директорлар кеңесінің қалауы бойынша құрылуы мүмкін. Стратегия комитеті стратегиялық жоспарлау мәселелерін қарастырады, оның басшысы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы болып табылады.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Қордың және ұйымдардың өздеріне бөлінген республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігі тұрғысынан пайдалануын бақылау, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құзыретіне жатады.

      Қордың Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамында көпшілігі тәуелсіз директорлар болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:

      "87-1. Қордың Директорлар кеңесі қордың басқарма төрағасына қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканың немесе экономиканың жекелеген саласының дамуына әсер етуіне талдау (бұдан әрі – талдау) жүргізу жөніндегі ревизия тобын құру не қордың бюджетіне салынған қаражат шегінде қор тобына кіретін ұйымдардың сыртқы аудитін жүргізу туралы тапсырма беруге құқылы.

      Қор тобына кіретін ұйымды талдау нәтижелері қордың Директорлар кеңесіне ұсынылатын актімен ресімделеді.

      Қор тобына кіретін ұйымның тиімсіз қызметі жағдайлары анықталған кезде қор органдары осындай ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін қажетті шараларды қабылдайды.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, аудит, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және омбудсмен";

      156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорда және қор тобының барлық компанияларында сыбайлас жемқорлық комплаенс-қызмет жұмыс істейді, оның міндеті компанияның маңызды комплаенс және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тиісінше басқарылатынына ақылға қонымды сенімділікті қамтамасыз ететін тиімді комплаенс жүйесін құру болып табылады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауды, комплаенс мәселелері бойынша саясат қабылдауды, сондай-ақ заңнамаға және үздік халықаралық практикаларға сәйкес ашықтық пен сенімділік қағидаттары негізінде ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған.

      Компанияның Директорлар кеңесі/байқау кеңесі (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындайды, оның басшысын тағайындайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындайды.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің жұмысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережемен, сондай-ақ компанияның ішкі құжаттарымен реттеледі.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады және Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережеде көзделген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет компанияның атқарушы органынан және компанияның лауазымды адамдарынан тәуелсіз болуға тиіс. Компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет компанияның Директорлар кеңесіне/байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органына тікелей бағынады. Тиімді жұмыс істеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің жеткілікті өкілеттіктері мен ресурстары болуға, сондай-ақ компанияның басқару органымен үнемі өзара іс-қимыл жасауға және оған мерзімді негізде есеп беріп тұруға тиіс. Атқарушы орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігін қолдайды және міндеттерді орындауына кедергі келтірмейді.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының тиісті тәжірибесі бар және ол жоғары буын басшысы болып табылады. Компаниядағы өзге лауазымды қоса атқару бойынша мүдделер қақтығысын болғызбау қажет.

      Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің және қор тобы компанияларының басшылары тиісті компанияның Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің немесе өзге де тәуелсіз басқару органының) және атқарушы органының құрамына сайлана алмайды.".

      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысында:

      57-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) Қордың басқарма төрағасына Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының дамуына әсер етуіне талдау (бұдан әрі – талдау) жүргізу жөніндегі ревизия тобын құру не Қордың бюджетіне салынған қаражат шегінде Қордың тобына кіретін ұйымдардың сыртқы аудитін жүргізу туралы тапсырма беру, сондай-ақ Қордың тобына кіретін ұйымдардың талдау нәтижелерін қарау;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындау, оның басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамды тағайындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және Қордың Директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қордың Директорлар кеңесінің жанынан тұрақты жұмыс істейтін комитеттер құрылуы мүмкін.

      Стратегиялық жоспарлау мәселелерін қарау үшін стратегия комитеті құрылады, оның басшысы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы болып табылады.

      Қордың Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын мәселе қандай да бір комитеттің өкілеттігіне кіретін жағдайда ол тиісті мәселені міндетті түрде алдын ала қарайды және ол бойынша қорытынды дайындайды.

      Қордың Директорлар кеңесінің комитеттерін құру және олардың жұмыс істеу тәртібі, өкілеттіктері, сандық құрамы Қордың Директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжаттарда белгіленеді.".

      3. "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеде:

      3-тарауда:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының және аппарат басшысының (бар болса)* мәртебесі, өкілеттіктері";

      21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "*Аппарат басшысының өкілеттіктері

      ___________________________________________________________________: (мемлекеттік органның қысқаша атауы)

      ___________________________________________________________________;

      ___________________________________________________________________;

      __________________________________________________________________.

      Ескертпе:

      * лауазымдары Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Саяси, сайланатын және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне енгізілген мемлекеттік органдардың аппараттары басшыларының өкілеттіктері көрсетіледі.".

      4. "Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 915 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларда:

      реттік нөмірі 8-жол алып тасталсын.

      5. "Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан және 10 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (келісу бойынша) Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісу бойынша) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (келісу бойынша) жүктелсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Жетекшілік ететін салаларда (қызмет ерекшелігін ескере отырып) сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін тарату материалдарын дайындау және халық арасында тарату

постерлер, брошюралар, парақшалар, буклеттер және т.б.

МҚІА (келісу бойынша), ЖАО

2023 –2026 жылдар

001 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

2

Баннерлік өнімдерді шығару және оларды орналастыру

баннерлер

ЖАО, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

жергілікті бюджет шеңберінде

3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта фильмдер (сериалдар) әзірлеу, республикалық телеарналарда трансляциялау

сериалдар, фильмдер

МАМ, МҚІА (келісу бойынша)

2023 – 2026 жылдар

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтерді (5 минуттан аспайтын) әзірлеу және республикалық және өңірлік телеарналарда, қоғамдық орындарда, соның ішінде кинотеатрларда (сеанстар басталар алдында) трансляциялау

бейнероликтер

МҚІА (келісу бойынша), МАМ, ЖАО

2023 – 2026 жылдар

001 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

5

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиороликтерді әзірлеу және трансляциялау

аудиороликтер

МҚІА (келісу бойынша), МАМ, ЖАО

2023 –2026 жылдар

001 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

6

Танымал әртістердің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға бағытталған бейнероликтерді шығару, кейіннен олардың аккаунттарында (Facebook, Instagram) орналастыру

бейнероликтер

МАМ

2023 –2026 жылдар

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылымдар жасау және өткізу, оның ішінде республикалық және өңірлік телеарналарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде трансляциялау

спектакльдер, театрлық қойылымдар

МАМ, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының тиісті саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тұжырымдамалық тәсілдерін баяндайтын авторлық мақалаларын БАҚ-та жариялау

жарияланымдар

ОАО, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

республикалық бюджет шеңберінде

      ";

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12

БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға өңірлік конкурс өткізу

конкурс

ЖАО, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

жергілікті бюджет шеңберінде

      ";

      реттік нөмірі 13-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 14, 15, 16, 17 және 18-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты ілгерілету мақсатында діни бірлестіктердің, этномәдени орталықтардың, саяси партиялардың және қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен іс-шаралар өткізу

кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және басқалары

МҚІА (келісу бойынша), МАМ, ЖАО

2023 –2026 жылдар

001 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

15

Кәсіподақ бірлестіктерімен еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды ілгерілету жөніндегі іс-шаралар өткізу

кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және басқалары

Еңбекмині, МҚІА (келісу бойынша), МАМ, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы (келісу бойынша)

2023 – 2026 жылдар

қаражат талап етілмейді

16

Кітапханаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кітап көрмелерін ұйымдастыру

көрмелер

МАМ, ЖАО, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

17

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында республикалық кең ауқымды акция ұйымдастыру

акция (жылына кемінде 1 рет)

МҚІА (келісу бойынша), Әділетмині, ОАО, ЖАО

2023 –2026 жылдар

қаражат талап етілмейді

18

Халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау, азаматтардың полицияға сенімін арттыру бойынша "Жолдағы қабылдау бөлмесі" республикалық акциясы

акция (жылына кемінде 1 рет)

ІІМ, МАМ

2023 – 2026 жылдар

қаражат талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21

Адал, лайықты мемлекеттік қызметшілер үлгісін кеңінен жария ету арқылы мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту

БАҚ-та материалдар

МҚІА (келісу бойынша), МАМ, ОАО, ЖАО

2023 –2026 жылдар

001 "Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

      ";

      реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

24

Бақылау және мониторинг іс-шараларын (лицензиялау, мемлекеттік аттестаттау, кәсіптік бақылау, білім беру ұйымдарын тексеру, білім алушылардың оқудағы жетістіктерін мониторингтеу, білім беру саласындағы халықаралық салыстырмалы зерттеулер) жүзеге асырған кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі ақпараттық роликті дайындау және тарату

ролик

ОМ, МАМ

2023 –2026 жылдар

001 "Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

      ";

      реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

34

Балалардың құқықтарын қорғау саласында бақылау іс-шараларын жүзеге асырған кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша ақпараттық ролик дайындау және тарату

ролик

ОМ, МАМ

2023 –2026 жылдар

001 "Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

      ";

      реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

38

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" элективті курсын өткізу

курстар

ҒЖБМ, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

қаражат талап етілмейді

      ";

      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "ҚХА – Қазақстан халқы Ассамблеясы" деген жол алып тасталсын.

      "МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;".

      6. "Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 – 2026 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 431 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 – 2026 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасында:

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19

Жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с талшықты оптикалық байланыс желілері арқылы 1000-нан астам ауыл мектебін жоғары жылдамдықты Интернетке қосу

нүктелерді қосу актілері   2025 жыл – 500 мектеп; 2026 жыл – 500 мектеп

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат

ЖИЦДМ, ЖАО, "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірлері 29 және 30-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

29

Инновацияларды ынталандыру және ҒЗТКЖ нәтижелерін коммерцияландыру бойынша шаралар қабылдау

ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларынан ғылымды қажетсінетін өнімді сату көлемі

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

РБ көзделген қаражат шеңберінде

ҒЖБМ, ЖИЦДМ

30

Коммерцияландыру жобаларына жыл сайынғы гранттар беру арқылы коммерцияландырылған ғылыми әзірлемелердің үлесін арттыру

1) ҒЖБМ бұйрығы 2) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қолданбалы ғылыми зерттеулердің жалпы санынан коммерцияланатын ғылыми әзірлемелердің үлесі 2025 жыл – 35 % 2026 жыл – 36 %

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

РБ көзделген қаражат шеңберінде

ҒЖБМ, ЖИЦДМ, "Ғылым қоры" АҚ (келісу бойынша), мүдделі ОМО, ҒҰ (келісу бойынша), ЖЖОКБҰ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

34

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті нысанда ұсыну  

жылына кемінде 1 млн проактивті қызмет көрсету

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

Еңбекмині, ЖИЦДМ

      ";

      реттік нөмірі 83-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

83

Халықаралық ұйымдарды/қаржы институттарын тарта отырып, энергиялық тиімді жобаларды қаржыландыру тетігін құру

энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі пилоттық жоба

2026 жылғы желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат

ӨҚМ, "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), "КДБ" АҚ (келісу бойынша), "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша), "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 87-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

87

Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету арқылы өнеркәсіпті ынталандыру

ҰЭМ-ге ақпарат

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

ӨҚМ, СИМ, АШМ, ЭМ, ЭТРМ, ЖИЦДМ, Қаржымині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 130-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

130

Экономикадағы инновациялық өнімге сұранысты арттыруға және ҒҒТҚН әзірлеу мен енгізу жөніндегі жағдайларды жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізу

2025 жыл – 20 жоба; 2026 жыл – 20 жоба

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді  

ЖИЦДМ, ҒЖБМ

      ";

      реттік нөмірі 132-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

132

Инновациялық гранттар беру    

2025 жыл – 20 грант; 2026 жыл – 20 грант  

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

РБ көзделген қаражат шеңберінде

ЖИЦДМ, "QazInnovations" ИДҰА" АҚ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 134-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

134

IТ бағдарламалау мектептеріне олардың уәкілетті ұйымның талаптарына сәйкестігін ескере отырып ваучерлер бөлу

2025 жыл – 3000 ваучер; 2026 жыл – 3000 ваучер  

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

РБ көзделген қаражат шеңберінде

ЖИЦДМ, "ИТП" ДКҚ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 136-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

136

Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий теңізінің түбі арқылы ТОБЖ салу жөніндегі жобаны іске асыру

Каспий теңізінің түбі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жобасын аяқтау

2026 жылғы желтоқсан  

бюджеттен тыс қаражат

ЖИЦДМ, "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірлері 140 және 141-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

140

IТ-қызметтер мен өнімдердің экспортын ұлғайту үшін акселерациялық бағдарламасы іске асыру  

2025 жыл – 1 бағдарлама; 2026 жыл – 1 бағдарлама

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат

ЖИЦДМ, "ИТП" ДКҚ (келісу бойынша)

141

"Ұлттық инновациялық жүйенің "бірыңғай терезесі" платформасында инновацияларды қолдаудың барлық шараларын толық орналастыру және мониторингілеу

2025 жыл – инновацияларды қолдаудың барлық шараларын интеграциялау; 2026 жыл – өнеркәсіптік пайдалануға беру

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат

ЖИЦДМ, "ИТП" ДКҚ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірлері 149 және 150-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

149

Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Түркістан қалаларындағы халықаралық әуежайлардың ұшып келу аймағында шетелдік туристерге еркін Интернетті қамтамасыз ету

шетелдік туристерді 100 % еркін Интернетпен қамту  

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат

ЖИЦДМ, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларының әкімдіктері, байланыс операторлары

149

"eQonaq" ақпараттық жүйесін масштабтау

қамту үлесі: 2025 жыл – 90 %; 2026 жыл – 92 %

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

РБ көзделген қаражат шеңберінде

ТСМ, ЖИЦДМ

      ";

      реттік нөмірі 168-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

168

Экономиканың орнықтылығы мен үдемелі өсуі үшін банктерді кәсіпкерлік, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит беруді ұлғайтуға ынталандыру 

іс-шараларды қабылдау және іске асыру  

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

ҰЭМ, Қаржымині, ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 197-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

197

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді одан әрі дамыту

ҰЭМ-ге ақпарат  

2025 – 2026 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

МҚІА (келісу бойынша), мүдделі МО

      ";

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы";

      "ЖАП – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі";

      "МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі";

      "СЖҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" деген жол алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады