"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 741 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 150-жолда:

      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы, "Теміржолсу" акционерлік қоғамына, "Теміржолсу-Алматы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Аягөз" жауапкершілігі серіктестігіне, "Теміржолсу-Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Көкшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Кзылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Маңғыстау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қарағанды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – Қазақстан Республикасының аумағындағы теміржол станциялары мен разъездері";

      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "үнемі, "Теміржолсу" акционерлік қоғамына, "Теміржолсу-Алматы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Аягөз" жауапкершілігі серіктестігіне, "Теміржолсу-Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Көкшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Кзылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Маңғыстау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қарағанды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл";

      реттік нөмірі 175-жолда:

      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы, "Теміржолсу" акционерлік қоғамына, "Теміржолсу-Алматы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Аягөз" жауапкершілігі серіктестігіне, "Теміржолсу-Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Көкшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Кзылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Маңғыстау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қарағанды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – Қазақстан Республикасының аумағындағы теміржол станциялары мен разъездері";

      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "үнемі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 5 жыл, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 5 жыл, "Теміржолсу" акционерлік қоғамына, "Теміржолсу-Алматы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Аягөз" жауапкершілігі серіктестігіне, "Теміржолсу-Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Көкшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Кзылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Маңғыстау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қарағанды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл";

      реттік нөмірі 193-жолда:

      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы, "Теміржолсу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – Қазақстан Республикасының аумағындағы теміржол станциялары мен разъездері";

      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "үнемі, "Теміржолсу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл";

      реттік нөмірі 228-жолда:

      5-бағанда:

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) "Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";

      мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:

      14) "Теміржолсу" акционерлік қоғамы;

      15) "Теміржолсу-Алматы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      16) "Теміржолсу-Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      17) "Теміржолсу-Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      18) "Теміржолсу-Аягөз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      19) "Теміржолсу-Қарағанды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      20) "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      21) "Теміржолсу-Көкшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      22) "Теміржолсу-Кзылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      23) "Теміржолсу-Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      24) "Теміржолсу-Маңғыстау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      реттік нөмірі 276-жолда:

      5-бағанда:

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы;";

      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";

      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына қатысты – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы топтарының ішінде";

      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "үнемі, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты − 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына – 5 жыл";

      реттік нөмірі 307-жолда:

      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы, "Теміржолсу" акционерлік қоғамына, "Теміржолсу-Алматы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Аягөз" жауапкершілігі серіктестігіне, "Теміржолсу-Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Көкшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Кзылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Маңғыстау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қарағанды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты − Қазақстан Республикасының аумағындағы теміржол станциялары мен разъездері";

      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "үнемі, "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамына қатысты − 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін, "Теміржолсу" акционерлік қоғамына, "Теміржолсу-Алматы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Аягөз" жауапкершілігі серіктестігіне, "Теміржолсу-Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Көкшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Кзылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Маңғыстау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Теміржолсу-Қарағанды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл";

      реттік нөмірі 314-жолдың 5-бағанында:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;";

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) "Теміржолсу" акционерлік қоғамы";

      реттік нөмірі 315-жолда:

      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы, "Теміржолсу" акционерлік қоғамына қатысты − Қазақстан Республикасының аумағындағы теміржол станциялары мен разъездері";

      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "үнемі, "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" акционерлік қоғамына қатысты – 2030 жылғы 30 желтоқсанға дейін, "Теміржолсу" акционерлік қоғамына – 3 жыл".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады