ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
1. "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) цифрландыру, жасанды интеллект, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, "цифрлық үкімет", дербес деректер және оларды қорғау, цифрлық майнинг, жобалық басқару салаларында, сондай-ақ байланыс, мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтерді көрсету саласында (бұдан әрі – реттелетін салалар) басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ бәсекеге қабілетті аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және цифрландыру саласындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғарыш қызметі саласында, дербес деректер мен оларды қорғау саласында, байланыс саласында ұлттық ресурстарды бөлу мен пайдалануды қоса алғанда, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ өз құзыреті шегінде техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласына және байланыс саласындағы стандарттау саласына қатысу және оны іске асыруды қамтамасыз ету, цифрлық инфрақұрылымды, геодезияны, картографияны және кеңістіктік деректерді дамыту, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласын қалыптастыру мен қамтамасыз ету, байланыс қызметтері нарығының тиімді дамуы мен жұмыс істеуі;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) цифрландыру және "цифрлық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;";
12) тармақша алып тасталсын;
13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
14) мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) цифрландыру және байланыс салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) цифрландыру саласындағы сараптама кеңесінің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекiту;";
мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын:
"48-1) ғарыш қызметі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;";
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"49) ұлттық тіркелімдер тізбесін, олардың құрылымын, эталондық цифрлық деректердің құрамын, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;";
51), 52), 53), 54) және 55) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"51) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті ведомствоаралық үйлестіру;
52) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілері мен аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту;
53) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту;
54) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
55) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде цифрлық объектілерді басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;";
58) және 59) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"58) домендік атаулардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау, Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiту;
59) цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, цифрлық аса маңызды объектілерінің цифрлық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін бекіту;";
60) тармақша алып тасталсын;
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"62) аса маңызды цифрлық объектілернің меншік иелерінің және (немесе) иеленушілерінің цифрлық ресурстардың резервтік көшірмелерін цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру тәртібін және мерзімдерін бекіту;";
65) және 66) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"65) Қазақстан Республикасының Үкiметiне киберқауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн құқықтық реттеу жөнiндегі ұсыныстарды, оның ішінде тиiстi шешiмдердiң жобаларын енгiзу;
66) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалмағаны үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;";
мынадай мазмұндағы 66-1) тармақшамен толықтырылсын:
"66-1) цифрлық оқиғаларды журналға енгізуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";
69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"69) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу;";
89) тармақша алып тасталсын;
90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"90) мемлекеттік цифрлық объектілерінің интеграциясы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;";
111) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"111) куәландырушы орталықтарды аккредиттеу;";
114) тармақша алып тасталсын;
116) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"116) Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылары туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
141) тармақша алып тасталсын;
154) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"154) куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңба куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу қағидаларын бекіту;";
157) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"157) куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту;";
158) тармақша алып тасталсын;
160) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"160) электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту;";
161) тармақша алып тасталсын;
163) және 164) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"163) мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту;
164) цифрлық обектілер сапасының аудитін жүргізу қағидаларын бекіту;";
165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"165) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі цифлық жүйесінің цифрлық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту;";
166) тармақша алып тасталсын;
167) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"167) "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;";
168) тармақша алып тасталсын;
169), 170), 171), 172), 173) және 174) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"169) "цифрлық үкімет" операторының мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтер тізбесін бекіту;
170) "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту;
171) "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
172) цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
173) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту;
174) "цифрлық үкіметтің" жұмыс істеу қағидалары мен сыртқы шлюзіне қойылатын техникалық талаптарды бекіту;";
175) тармақша алып тасталсын;
177), 178), 179) және 180) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"177) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы халықаралық (мемлекетаралық) ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын цифрлық объектілердің тізбесін бекіту;
178) кәсіпкерлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестердің тізілімімен интеграциялануға жататын цифрлық объектілерінің тізбесін бекіту;
179) мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидалары бекіту;
180) бюджеттік саясат саласындағы орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау саласындағы орталық уәкілетті органмен келісу бойынша цифрлық объектілерді құру және дамытуды көздейтін мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту;";
181) тармақша алып тасталсын;
186) және 187) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"186) Бастапқы кодтардың ұлттық репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
187) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 187-1), 187-2), 187-3) және 187-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"187-1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институтының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
187-2) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы талаптарды сақтау бөлігінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама немесе акт белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, субъектіні нұсқамада немесе актіде көрсетілген әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қою беру;
187-3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталында дербес деректер субъектілерін жеке кабинеті арқылы хабардар ету мақсатында қауіпсіздігі бұзылған дербес деректерді өңдеу;
187-4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша "цифрлық үкімет" платформасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету регламентін бекіту;";
188) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"188) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;";
194) тармақша алып тасталсын;
196), 197), 198), 199), 200), 201), 202), 203) және 204) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"196) есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ цифрлық жүйелерді құру немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау;
197) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту;
198) цифрлық ортада қызметті ұйымдастыруға қатысты нарықтық тәсілдер негізінде инвестицияларды тарту және заманауи цифрлық технологияларды ендіру үшін қолайлы жағдай жасау;
199) цифрлық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
200) Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
201) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттерін іске асыруға арналған цифрлық объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес техникалық тапсырма әзірленетін, "цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін құруды және дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жоба бойынша цифрландыру саласындағы қорытындыны беру;
202) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарын қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын қарау және қорытынды беру;
203) "цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілері құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманы келісу;
204) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу;";
206), 207) және 208) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"206) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "цифрлық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту;
207) көрсетілетін қызметті алушыны аутентификациялау тәсілін айқындау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда сыныптау қағидаларын бекіту;
208) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекіту;";
224) және 225) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"224) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
225) "әлеуметтік әмиян" цифрлық объектісі арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабарлау (хабардар ету), осындай шараны есепке алу және (немесе) алу және жеке тұлғаны мемлекеттік қолдау шараларын өзге де цифрлық объектілері арқылы алу қағидаларын бекіту;";
231) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"231) қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 231-1), 231-2) және 231-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"231-1) "цифрлық үкімет" веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толтырылуына қойылатын талаптарды бекіту";
231-2) Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптарды айқындау;
231-3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобилді қосымшасы арқылы міндетті түрде қол жеткізді қамтамасыз ету үшін электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің сәйкес келу өлшемшарттарын бекіту;";
232) және 233) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"232) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
233) өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру және рұқсат беру не уәжді бас тарту рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;";
239) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"239) "цифрлық үкіметтің" архитектуралық порталында "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық объектілері техникалық құжаттамасының мәліметтері мен көшірмелерін орналастыруды ұйымдастыру;";
241) тармақша алып тасталсын;
249) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"249) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 275-1) және 275-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"275-1) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
275-2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;";
278) тармақша алып тасталсын;
279) тармақша алып тасталсын;
281) тармақша алып тасталсын;
287) тармақша алып тасталсын;
292) және 293) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"292) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтары, киберқауіпсіздіктің салалық орталықтары мен Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы арасында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту;
293) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын келісу;";
295) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"295) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлеу;";
302) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"302) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;";
306) және 307) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"306) сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
307) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың біріздендірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылым объектілерінің құрауыштарын біріздендіру жөніндегі талаптарды бекіту;";
319) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"319) ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезе" цифрлық жүйесін басқаруды, жүргізуді, қолдап отыруды, оның жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 320-1) тармақшамен толықтырылсын:
"320-1) дербес деректерді қорғауды міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, цифрлық құжаттар сервисі арқылы үшінші тұлғалардың цифрлық мәліметтерге қол жеткізу қағидаларын бекіту;";
321) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"321) "смарт-қалаларды" және "смарт-өңірлерді" салу әдістемесін бекіту;";
325) тармақша алып тасталсын,
326) және 327) тармақшалар алып тасталсын;
333) тармақша алып тасталсын;
334) және 334-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"334) цифрлық майнинг саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
334-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ақша аудару қызметтерін көрсететін пошта операторлары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы белгілеу;";
335) тармақша алып тасталсын;
338) және 339) тармақшалар алып тасталсын;
345) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"345) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және "цифрлық үкіметтің" электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;";
351) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"351) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мақсаттарда "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу тәуекеліне алып келетін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы ақпаратты жіберу;";
353) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"353) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша цифрлық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";
354) тармақша алып тасталсын;
355) және 356) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"355) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты цифрлық объектілерінде қамтылған цифрлық ресурстарды жасау, іздеу, жинау, жинақтау, сақтау, өңдеу, алу, пайдалану, өзгерту, көрсету, тарату және беру бөлігінде іске асыруды қамтамасыз ету;
356) қолжетімділігі шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде қамтылған деректерді кейіннен орналастыру мақсатында оларға талдау жүргізу қағидаларын бекіту;";
381) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"381) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;";
382) алып тасталсын;
384) және 385) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"384) цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
385) аса маңызды цифрлық объектілердің тізбесін әзірлеу және бекіту;";
387), 388), 389), 390), 391) және 392) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"387) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды әзірлеу;
388) аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуді қоспағанда, цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
389) Қазақстан Республикасының цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде орындау үшін нұсқамалар беру;
390) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлеу;
391) мемлекеттік техникалық қызмет сараптамалары негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының цифрлық объектілерін қоспағанда, мемлекеттік техникалық қызметтің сараптамалары негізінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық құжаттаманы, оның ішінде техникалық тапсырманы киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан келісу;
392) цифрлық ресурстарды ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, цифрлық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде цифрлық объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесуді ұйымдастыру;";
395) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"395) радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану бойынша радиожиілік спектрін бөліп беру, қайта бөліп беру (пайдалануды қайта құрылымдау) және пайдалану мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 395-1), 395-2) және 395-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"395-1) Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесін және радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарын қайта қарау;
395-2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін байланыс операторларымен қалыптастыру қағидаларын бекіту;
395-3) байланыс операторының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту;";
мынадай мазмұндағы 414-1) және 414-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"414-1) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары анықталған кезде байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру тәртібінің қағидаларын бекіту;
414-2) байланыс желілерінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
418) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"418) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс мұқтаждығын қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "цифрлық үкімет" операторының мұқтаждығы үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;";
424) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"424) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
425) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"425) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және өңдеу бойынша цифрлық жүйені сүйемелдеуді ұйымдастыру;";
427) және 428) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"427) мемлекеттік органдардың цифрлық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу;
428) Қазақстан Республикасының цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар беру;";
429) тармақша алып тасталсын;
437) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"437) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу;";
447) және 448) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"447) цифрлық трансформациялау қағидаларын бекіту;
448) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;";
462) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"462) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру процестерін бағалауды жүзеге асыру;";
466) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 466-1) тармақшамен толықтырылсын:
"466-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық және проактивті форматтарға көшіруді келісу;";
474) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"474) мемлекеттік емес цифрлық объектілерінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілерімен дербес деректерді беру жүзеге асырылатын және (немесе) дербес деректерге қолжетімділік берілетін интеграциялануын келісу;";
487) тармақша алып тасталсын;
489) және 490) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"489) деректерді өңдеу орталықтарының ұлттық немесе халықаралық техникалық аудиттен өту қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша бекіту;
490) мемлекеттік цифрлық деректерді, қолжетімділігі шектеулі деректерді немесе аса маңызды цифрлық объектілерді қамтитын цифрлық объектілерді орналастыру үшін пайдаланылатын деректерді өңдеу орталықтарына қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша бекіту;";
мынадай мазмұндағы 490-1), 490-2), 490-3), 490-4), 490-5), 490-6) және 490-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"490-1) цифрлық кондоминиумдарды құру, есепке алу, тоқтату және жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
490-2) цифрлық даму индексін айқындау әдістемесін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша бекіту;
490-3) ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеуі және оған қосылу қағидаларын бекіту;
490-4) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттарын бекіту;
490-5) ашық деректердің интернет-порталын пайдаланушылардың әрекеттерін журналға енгізу қағидаларын бекіту;
490-6) экономиканы дамыту жөніндегі уәкілетті орган бекітетін цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының жұмыс істеу қағидаларын келісу;
490-7) деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалаудың үлгілік әдістемесін келісу;".
2. Осы қаулы:
1) осы қаулының оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он үшінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық жетінші, елуінші, жүз жиырма бірінші, жүз жиырма алтыншы, жүз жиырма жетінші, жүз қырық сегізінші, жүз қырық тоғызыншы, жүз елуінші, жүз елу бірінші, жүз елу екінші, жүз елу үшінші, жүз елу төртінші, екі жүз екінші және екі жүз бесінші абзацтарын;
2) осы қаулының 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының елу сегізінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |