"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналарды:
1) 2026 жылғы 27 сәуір – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнев, Итбалық, Кендірлі және Ремонтные шалыги (Ақтоты) аралдарында ғылыми зерттеу және ен салып, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін 66 дарақ Каспий итбалығын;
2) 2026 жылғы 27 сәуір – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Алматы және Жетісу облыстарының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қоймасынан балық санын толықтыратын аналық балық үйіріне топтастырып, кейіннен өсімін қолдан молайту үшін ғылыми мақсатта 500 килограмм көлемінде арал пілмайын;
3) 2026 жылғы 27 сәуір – 30 қараша аралығындағы кезеңде Абай және Павлодар облыстарының шегінде Ертіс өзенінен кейіннен өсімін қолдан молайту мақсатында балық санын толықтыратын аналық балық үйіріне топтастыру үшін ғылыми мақсатта 300 килограмм көлемінде сыланды алуға рұқсат етілсін.
2. Арал пілмайының бір килограмын алу үшін төлем мөлшерлемелері 0,064 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сыланның бір килограмына 0,017 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Каспий итбалығының бір дарағына 1,93 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында Каспий итбалығының дарақтарын, арал пілмайын және сыланды көрсетілген көлемде алуға рұқсат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |