Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 96 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жолдың 5-бағанының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 29-жолдың 5-бағанының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 30-жолдың 5-бағанының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 188-жолдың 5-бағанының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";"
реттік нөмірі 189-жолдың 5-бағанының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 224-жолдың:
5-бағанының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"22) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Digital Silk Road Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2029 жылғы 27 шілдеге дейін, "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2029 жылғы 13 қаңтарға дейін";
реттік нөмірі 307-жолдың 5-бағанының 116) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"116) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 310-жолдың:
5-бағаны мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Digital Silk Road Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2029 жылғы 27 шілдеге дейін, "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2029 жылғы 13 қаңтарға дейін";
реттік нөмірі 332-жолдың 5-бағаны мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 337-жолдың 5-бағанының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 338-жолдың 5-бағанының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"26) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 348-жолдың:
5-бағанының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2029 жылғы 13 қаңтарға дейін";
реттік нөмірі 366-жолдың 5-бағанының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"23) "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 368-жолдың 5-бағанының 7) тармақшасы алып тасталсын;
реттік нөмірі 392-жолдың 5-бағанының 6) тармақшасы алып тасталсын.
2. "Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми және өндірістік қызметпен айналысатын, сондай-ақ патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қызметін жүзеге асыратын объектілер мен ұйымдар.".
3. "Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 953 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Өндірістің әртүрлі салаларында және ғылыми-талдамалық зерттеулерде пайдаланылатын ғылым және биотехнологиялар саласындағы ұлттық коллекцияға:
1) ғылыми, білімдік және практикалық құндылығы бар патогендігі I-II топтағы микроорганизмдер штаммдары, атап айтқанда:
ұлттық коллекцияда аналогы жоқ, оның ішінде, шетелден әкелінген жаңа микроорганизм штаммы;
гено- және фенотиптік белгілері бойынша типтік емес микроорганизм штаммы;
типтік емес (әртүрлі) көздерден (объектілерден, өңірлерден) оқшауланған микроорганизм штаммы;
ғылым және биотехнология саласындағы ұлттық коллекцияда бұрын сақталған микроорганизм штаммы;
2) гено- және фенотиптік белгілері бойынша типтік емес немесе типтік емес (әртүрлі) көздерден (объектілерден, өңірлерден) оқшауланған патогендігі III және (немесе) IV топтағы:
тамақ өнеркәсібінде, оның ішінде ұйытқылар, пробиотиктер, ферменттер өндірісінде пайдаланылатын;
белгіленген тәртіппен тіркелген және айналымға жіберілген дәрілік заттар мен иммундық-биологиялық препараттар өндіріcінде пайдаланылатын;
өсімдік шаруашылығында, оның ішінде биотыңайтқыштар, өсімді ынталандыратын және фунгицидтік препараттар өндірісінде пайдаланылатын;
препараттар, оның ішінде қоршаған ортаның биоремедиациялауға (биодеструктор, биосорбент) арналған препараттар өндірісінде пайдаланылатын микроорганизмдер штаммдары депонирленеді.";
37-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
"Ғылым және биотехнологиялар саласындағы ұлттық коллекциядан ветеринария саласындағы ұлттық коллекцияға патогенді микроорганизмдер штаммдарының телнұсқаларын беру кезінде осы тармақта көзделген тәртіп сақталады.";
мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:
"70-1. Ветеринария саласындағы заңнама нормаларын орындау мақсатында осы Қағидалардың 37 және 38 тармақтарында көзделген тәртіппен патогенді микроорганизмдер штаммдарының телнұсқаларын ғылым және биотехнологиялар саласындағы ұлттық коллекциясынан ветеринария саласындағы ұлттық коллекциясына беру жолымен референттік және бақылаулық патогенді микроорганизмдер штаммдарын қайталау қамтамасыз етіледі.
Микроорганизмдер штаммдарының телнұсқаларын беру кезінде коллекциялық нөмірдің соңына латынның "A" әрпі беріліп, штаммның түпнұсқасы тіркелген нақ сол коллекциялық нөмір беріледі.";
81 және 82 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"81. Уақытша сақтауға арналған шартта сақтау түрі (өміршең күйін сақтай отырып қайта себу құқығымен немесе қайта себу құқығынсыз), сақтау мерзімі, уақытша сақтау мерзімі өткен соң одан әрі иелену, пайдалану және билік ету шарттары, төтенше жағдайлар кезінде микроорганизмдер штаммдарын жою шарттары көрсетіледі.
Егер шартта көрсетілген мерзім өткенге дейін депозитордан штаммды алып қою туралы өтініш немесе өзге де өкім түспесе, штамм сақтауға ауыстырылады және ұлттық коллекцияның меншігі болып табылады.
82. Уақытша сақтау мерзімдері өткен соң уәкілетті ұйым мынадай шешімдер қабылдайды:
өтініш берушіге микроорганизм штаммын беру;
ұлттық колекцияға сақтауға беру;
оны жою.";
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"106. Микроорганизм штаммын жою туралы комиссиялық шешім қабылданған жағдайда уәкілетті ұйым басшысының атына жою себебімен негізделген құжат әзірленеді, микроорганизм штаммы жойылғаннан кейін осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроорганизм штаммын жою актісі жасалады (патогендігі I-II топтағы патогенді микроорганизм штаммы жойылған жағдайда жою актісіне бейне- және фототіркеу қоса беріледі). Бұл ретте уәкілетті ұйымның деректер банкіне тиісті өзгерістер енгізіледі.";
осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың тізбесінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ғылым және биотехнология саласында – "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
20___жылғы __________ №________ микроорганизм штаммын жою актісі
Біз, төменде қол қоюшылар, _______________________________________________
________________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________ рұқсатына сәйкес
(рұқсат берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________________________________________
(рұқсат нөмірі мен күні)
кейіннен міндетті түрде _____________________________________________________
(термиялық жою (кәдеге жарату) күні мен режимі)
термиялық жою (кәдеге жарату) арқылы автоклавтау _____________________ немесе
(автоклавтау режимі)
_______________________________________________________________________
(дезинфекциялық ерітінді атауы, оның шоғырлануы, зарарсыздандыру уақыты)
____________________________________________________ батыру арқылы
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(штамм түрінің атауы, нөмірі, объектілер саны)
_________________________________________________ микроорганизмді жойдық.
Актіні жасаушылар: _____________________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Актіні жасаушылар: _____________________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___"
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 96 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 850 қаулысы.
2. "Республикалық микроорганизмдер коллекциясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 желтоқсандағы № 1257 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 шiлдедегi № 850 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 мамырдағы № 502 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 850 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1060 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 82 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 1-тармағы.