Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 10,7 гектар жер учаскелері елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
2. Жамбыл облысының әкімі елді мекен шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.
3. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 852 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, | оның ішінде, гектар: | ||||
орман көмкерген | орман көмкермеген | жайылымдар | жолдар |
басқа жерлер | ||
Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 10,7 | - | - | 3 | 0,2 | 7,5 |
Барлығы: | 10,7 | - | - | 3 | 0,2 | 7,5 |
